Дыбыс табиѓаты



бет8/42
Дата06.03.2023
өлшемі459 Kb.
#72108
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
Лекции каз.язык (1)

Ассимиляция заңдылықтары


1. Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп толық игеріп, түгелдей еліктіреді. Мұны тіл білімінде толық ассимиляция дейді. Мысалы: жазса-жасса, сүзсе-сүссе, сөзшең-сөшшең, жұмысшы-жұмышшы.
2. Бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей, бір жақты ғана игереді, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбысты қатаң дыбыс болса, өзіндей қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. Мұндай құбылыс жартылай ассимиляция делінеді. Мысалы: қаз-ға, тас-қа, қыз-дар, этаж-ға.

Ілгерінді ықпал (прогрессивті ассимиляция)


Ілгерінді ықпал деп - сөз ішінде немесе сөз аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп, ықпалын көрсетіп тұруын айтамыз. Ілгерінді ықпал бір (негізгі сөз бен қосымша аралығында) немесе екі сөз көлемінде сондай-ақ, бірнеше сөз көлемінде де байқалады. Мысалы: қаз-дар, ақ бала (ақ пала), Қамысбай (Қамыспай).
Ілгерінді ықпал заңдылықтары
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да қатаң болады. Мысалы: зат (+тар; +қа; +пен), шөп (+тің; +ке; +пен), қаш (+са; +тың; +па).
2. Түбір сөздің соңғы дыбысы ұяң дыбыс болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да, көбінесе ұяң болады. Мысалы: жаз (+да; +дың; +ға), қаз (+дар; +дың; +ға), этаж (+да; +бен; +ға).
3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң не үнді болып келеді. Мысалы: бала (+ға; +да; +лық), шам (+дар; +мен; +ға), қала (+лар; +ға; +да).
4. Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның басқы дыбысы с болса, айтуда қосымшаның бұл дыбысы ш дыбысына айналса да, бірақ жазуда с дыбысын сақтап жазамыз. Мысалы: шаш-са (шашша), іш-сін (ішшін).
5. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң дыбыстардың бірі болып, одан кейінгі сөздің басқы дыбысы қатаң к, қ болса, айтуда (жедел сөйлеуде) бұл қатаң дыбыстар ұяңдап г, ғ дыбыстарына айналады. Жазуда мұны елемейміз. Мысалы: қара қой (қара ғой), боз құнан (боз ғұнан), ала кел (алагел), атың кім? (атың гім?), Меңдіқұл (Меңдіғұл), Талдықорған (Талдығорған), көзқарас (көзғарас).
6. Алғашқы сыңарлары қатаң дауыссыздарға аяқталып, екіншісі ұяң дыбыстардан басталса, айтуда ұяң дыбыс қатаң естіледі. Жазуда алғашқы формасын сақтап жазамыз. Мысалы: Қамыс-бай (Қамыспай), Қоныс-бай (Қоныспай), Жүніс-бек (Жүніспек).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет