Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде Дидактика туралы жалпы түсінік



бет2/3
Дата27.09.2023
өлшемі18,62 Kb.
#110575
1   2   3
мектептің басты міндеті – оқушылардың ақыл-ес дамуын қамқорлыққа алу. Моральдық тұрғыдан күшті мінез иелерін қалыптастыруға дұрыс педагогикалық жетекшілік, тəрбие жəне онымен байланысты оқу себепші болады. Жетекшілік жасаған адамның міндеті балалардың тұрақты іспен шұғылдануын қамтамасыз ету, дене жəне интеллектуалды дамуына бақылау қою, тəртіпке үйрету. Оқудың тəртіппен тығыз байланысқа келуінен, білімнің оқушы сезімі жəне ерігімен бірігуінен – тəрбиелік оқудың мəні құралады.
Қазіргі заман демократияшыл дидактика өзінің келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: 1. Бұл жүйе негізін объектив заңдылықтар құрайды. Қазіргі дидактикалық бағыт өткендегі дидактикалық жүйелерге тəн теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау қабілеттері мен болмысты өзгерту, сондай-ақ тікелей мұғалімнен алынатын білімдер көлемі мен оқушылардың өз бетінше жинақтайтын білімдердің арасындағы қарама-қарсылықтарды жойды. Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер, оларды оқыту механизмдері, танымдық ісəрекеттері, мақсаттары мен мотивтері бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты жəне үйлесімді дамуына пайдалы болатынын түсінді. 2. Бүгінгі дидактика жүйесіндегі оқудың мəні оқушыларға дайын білімдерді ұсыну, қиыншылықтарды өз бетінше жеңу жəне оқушылардың өзіндік жаңалықтар ашуымен шектелмейді. Оны түбегейлі ажырататын сипат: педагогикалық басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі жəне белсенділігі мен саналы байланыс, қатынастарына негізделуі. Бүгінгі дидактиканың мақсаты – көзделген оқу деңгейіне оқушы уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас сатылары мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп жеткізу. 3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты да өзгерді, оқу жоспарларын, бағдарламаларын жəне оқу пəндерін құрау принциптері де басқаша. Бүгінде жіктемелі (дифференцированные) оқу жоспарлары, бағдарламалары, курстері бүкіл əлемге тараған. Сонымен бірге, оқу пəндерінің бірігу (интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың əрқилы қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет