Дидактика пәні, міндеттері, негізгі тұжырымдамалары, мәні, функциялары Жоспары



бет1/4
Дата03.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#121698
  1   2   3   4
Байланысты:
Үйретудің (дидактика ) тұжырымы


Дидактика пәні, міндеттері, негізгі тұжырымдамалары, мәні, функциялары
Жоспары
  • Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың обьектісі, пәні, қызметтері және міндеттері
  • .Дидактиканың ұғымдары
  • Дидактиканың негізгі мәселелері. Дербес мәселерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы.
  • Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың ролінің артуы.
  • Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары

«Дидактика» - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikоc – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/.

Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады.


Олар:
- оқушыларды белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай ешкімді одан босатпау; - Оқушыларды сыныптарға бөлу; - Әр сыныпқа бір бөлме беру; - күніне 4 сабақ өткізу; - әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау; - қоңыраудың соғылуы; - тәртіп; - бір сабақтың ұзақтылығы бір сағаттан аспау керек; - сабақты күзде бастау керек;
Я.А.Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі»,- деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.
Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет