Дидактикалық ақпараттық блок


Гоносомды синдромдарға диагноз қоюдың әдістері



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі21,4 Kb.
#123463
1   2   3
Байланысты:
дидактикалық блок гоносом (1) ГС 2

Гоносомды синдромдарға диагноз қоюдың әдістері:


Цитогенетикалық әдіс-хромосомалық ауруларды диагностикалау үшін қолданылады.
Науқастың кариотиптін талдау үшін әдетте шеткі қан жасушалары- лимфоциттер пайдаланылады, кейде сирек тері (фибробласттар) және сүйек кемігі жасушалары қолданылады.
Хромосомалық ауруларды пренетальды диагностикалауда қағанақ сұйығына түсетін ұрық терісі жасушасын, хорион түгі жасушасын пайдаланады.
Цитогенетикалық әдістің үш кезеңі бар:
a) жасушаны белгілі бір қоректі ортада өсіру, әдетте 72 сағат бойы, митоз стимуляторын-фитогемагглютининді қосып, метафазада митозды колхицин қосу жолымен тоқтатады, жасушаға гипотоникалық ерітінді КСL қосу арқылы гипотонизациялау немесе ядро қабығын үзу үшін және хромосома пластинкаларын алу үшін натрий цитратын қосады;
б) хромосомаларды бояу;
в) метафазалық хромосомаларды талдау.
Хромосомаларды бояу әдістері және хромосомалардың жіктелуі
«Молекулалық биология негіздері» дәрістер жинағында берілген.
Метафазалық хромосомаларды талдау (әдетте 30 дан кеме емес пластинка талдайды) хромосомалардың құрылысының және сандық бұзылуыларын анықтауға, хромосомалық ауруларды диагностикалауға мүмкіндік береді.


Жыныс хроматинін анықтау


Жыныс хроматинін анықтаудың қарапайым әдісі бұл ауыздың ішкі қуысынан қалақша арқылы алынған ұрттың кілегейлі қабат қырындысын ацеторсеимен бояу.
Алынған қырынды материалын зат әйнегінің бетіне 2-3 минутқа қойып, бояуды қосады. Препаратты зат әйнегімен жауып, оны кішкене үстінен басады, артық бояуды сүзгі қағазбен алып тастайды.
Боялған препаратты иммерсионды объективпен, жарық микраскопы арқылы зерттейді. Жыныс хроматині жасуша ядро қабықшасының жиегінде түрлі пішіндегі, көбіне сопақша немесе үшбұрышты тығыз денешік түрінде анықталады.
Бұл әдіс Барр денешігін анықтауға мүмкіндік береді. Барр денешігі қалыпты әйел жасушаларында 5-60%, ер адам жасушаларында 2-5% анықталады.
Жұмыс жасау әдісі

  • ауыздың ішкі қуысынан ұрттың кілегейлі қабатынан қырынды алудың алдында, ауыз қуысын жылы сумен мұқият тазалау керек;

  • Мұқият ұрттың кілегейлі қабатының ортаңғы бөлігіндегі жасушадан ағаш немесе метал шпательдің ұшымен қырынды алу (ауыздың оң және сол жақ бөліктерінен) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет