Екіншіден, оқушы пәнаралық байланыс иазмұнын шығармашылық ізденіс үстінде игере алады.Онда ол бір жаңалық ашқандай болады.Алған білімі есінде ұзақ сақталып,пән бойынша білім сапасы артады,дүние танымы жан-жақты болады.Сондықтан оқыту барысында мен осы екінші жолдың үлесін көбейтуге тырысамын.Ол үшін сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді,ұйымдастыру түрлерін қолдануды талап етеді.
Информатика сабағына қойылатын талап ғылыми негізде оқыту,термин сөзднрмен,сандармен,алгоритмдер құру,программалар жазумен,компьютерде жұмыс жүргізу,пәнаралық байланыс жасау,өмірмен байланыстыру,халық педагогикасын қолдану болатын болса,мен осы жоғарыдағы талаптарды өз сабағымда басшылыққа аламын.
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру үшін плакаттар,дидактикалық материалдар,көрнекі құралдар,кітаптар және журналдарды көптеп пайдаланамын.Журналдардағы ақпараттық технологиялар жайындағы жаңалықтармен таныстырып отыру оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда информатика кітапханамында өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Тест сұрақтарына компьютерді қолданып жауап бергізу сыныптағы барлық оқушылардың білімін бірден тексеруге мүмкіндік берсе,екінші жағынан оқушының күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді.
Есептер шығаруда оқушыларға жеке тапсырмалар беру,әрбір оқушының тапсырмасын өзі орындауға үйретеді.Есептің алгоритмін құру программасын жазу,оны компьютерде орындау,нәтижені талдау істерін әрбір оқушы өзі орындауы керек,өйткені берілген есептер бір-бірінен өзгеше.Бір параграф бойынша үш тапсырма беріледі.Бұл тапсырмалар қарапайымнан күрделілене береді,яғни 1-тапсырма-жеңіл,2-қиынырақ,3-күрделі.Оқушыларды топтарға ажыратпаймыз,есептер шығару барысында олар өздері топтарға бөлінеді.
Деңгейлік дифференциялауды мен өз сабақтарымда тек өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде қолданамын.Балаларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі.Бұларды орындау кезінде оқушылар жұмыс дәптерлерін пайдалана алады.Бірінші деңгейдегі тапсырмалар-базалық стандарт болып табылпды.Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады.Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы жәгн арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді.Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап,талдап пайдалануды талап етеді.Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.
Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді,мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын,пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады.
Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын,өзіндік ойлау қабілеті бар,өзін өзі жетілдіре алатын,жаңа типтегі адамды қалыптастыруға,тәрбиелеп шығаруға болады.Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады.
Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып,бір тапсырма беремін.Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да,олар есепті талқылап,шығару жолын қарастырып,компьютерде шығарып,шығарған есептерін бірлесіп қорғайды.Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса,яғни дұрыс жауап бермесе,екіншісінің де бағасы төмендетіледі.Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді,оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Осы жерде деңгейлік жеке тапсырмалардың,деңгейлік үлестірме қағаздарының,ұжымдық перфокарталардың,текстік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік.