Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру


Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі



бет5/6
Дата04.02.2023
өлшемі72 Kb.
#65131
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
didaktikaly ojyndar

Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі:

  1. Әрбір тапсырманың моделін жасау,алгоритмін құру,программасын жазу,оны компьютерде шығару,нәтижесін талдау әрбір оқушыға ақпаратты өңдеі,беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгеруге қолайлылық туғызады;

  2. Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;

  3. Оқушылар бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады,оларды адамгершілік қасиетке,жоғары саналылыққа баулиды;

  4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады,ақыл-ойын,ойлау қабілетін дамытады;

  5. Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен;

  6. Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оны әдебиеттерден ізденіп оқуға және өз бетімен білім алуға дағдыландырады;

  7. Компьютерлік технологияны оқыту құралы ретінде кәсіптік қызметтерге,еңбекке,басқа пәндердегі практикалық есептерді шешуге пайдалану дағдыларын қалыптастырады,

  8. Тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардағы қызығушылықты жоғалтпай,жеңіл тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландырады;

  9. Деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады;

  10. Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаның өздігін қалыптастырып,дамытып,оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқарады.


Деңгейлік үлестірмен қағаздардың тиімділігі:

  1. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды.Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса,онда тапсырмадан жеңілірегін алады;

  2. Үлгерімі нашар және үлгерімі жақсы оқушыларға да тапсырмалар алдын ала дайындалады;

  3. Деңгейлік үлестірме қағаздарды үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға да беруге болады;

  4. Оқушылар білім деңгейіне қарап қздері бөлінеді;

  5. Оқытушы үлестірме қағаздарын таратып беріп,орындалу уақытын ескертіп,қалған оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады;

  6. Деңгейлік үлестірме қағаздары оқушылар білімін бағалауда оқытушыға жеңілдік туғызады;

  7. Оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауға мүмкіндік береді;

  8. Бағалауда бұрмалаушылық болмайды,әшкерелік анық көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет