«Көкпар» ойыны.Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді.Мұғалім сұрақтар қояды.Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса,сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді,яғни жауап береді.Жауап толық болмаса,қайтадан қол көтеріліп толықтырылады.Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады,ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1.Бейсик тілінің стандартты санды функцияларын атаңдар.
2.Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар.
3.Параметрлері цикл операторының жалпы түрін жазыңдар.
4.Графиктік операторларды атаңдар.
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға,операторларды дұрыс жаза білуге,функциялар мен операторларды дұрыс айта білуге,жылдамдыққ дағдыландырып,есте сақтау қабілетін дамытады,пәнге қызығушылыған арттырады.
2.Арқан тартысу ойыны.Ойынның шарты. Бейсик бұйрықтарының,операторларының және функцияларының аттары көрсетіледі.Әрбір топтың оқушылары кезек тәртібімен олардың атын айтып түсініктеме береді.Кезектегі оқушы түсініктеме бере алмай қалса,сол жерде ол қатар үшін ойын тоқтатылады және ол оқушы жазаланады.Мысалы: «өнер-білімге», «тәлім-тәрбиеге» байланысты мақал-мәтел айтқызуға болады.Жауап беру келесі топқа өтеді.Қайсы топтың оқушылары көп жауап берсе,сол топ жеңді деп есептелінеді.
Арқан тартысу ойынының тиімділігі:алдында өтілген материалдарды қайталап отыруға қолайлы,оқушылардың есте сақтау,тез ойлану қабілеттерін дамытып,оларды ұжымдық жұмысқа дағдыландырады.
Сабақ үстінде кроссворды шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарының да орындауға болады.Кроссворд жасау-үй жұмысы.Балалар әдебиетпен танысып,терминдерді қайталайды,жаңа ұғымдарды біледі.Мұғалім олардың тереңдігін,жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрднлігін,қателерді тексереді.Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды,сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.Бұлар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады,олардың тек компьютерге жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес,пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.
Анаграммалар,ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады.Мысалы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақырыбын өткенде,қиып алып желімдеу операцияларын да қарастырамыз,олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кетеміз.Сонан кейін оқушыларға өздерін бір сәт теледидардағы «Жұлдызды сағат» хабарының ойыншысы ретінде елестетуге мүмкіндік беріледі.Бір сөз жазылады да,олар 10 минут көлемінде сол сөздегі әріптерден тұратын неғұрлым көп сөз тіркестерін комаьютерге енгізу керек.
Информатика пәні-басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән.Демек,оқушылардың ғылыми дүние танымының,көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек.Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады.Пәнаралық байланыс-күрделі педагогикалық проблемалардың бірі.Ол педагогика,психология,әдістеме тұрғысынан жан-жақты зерттелген,зерттелуде.Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады,білімі тереңдейді,өздігінен кітап оқуға дағдыланады,өмірмен байланылыстығын,информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді.
Компьютерді экология,табиғатты қорғауға,экономиканы жобалауға,мәдениетті дамытуға қолдануға.информатиканы география,физика,химия,еңбек,құқық,математика пәндерімен,медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады.
Пәндер арасындағы байланысты жүзеге асыруда оқушының пәнаралық білімді игеруі екі түрлі жолмен өткізіледі.Біріншіден, оқушы пәнаралық білімді мұғалімнің түсіндіруінен немесе басқа оқулықтан дайын түрде қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |