Дидактикалық материалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру



бет6/6
Дата04.02.2023
өлшемі72 Kb.
#65131
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
didaktikaly ojyndar

Ұжымдық перфокарталар тиімділігі:

  1. Барлық оқушылар оқу процесіне тартылады;

  2. Аз уақыт ішінде барлық оқушының білімін анықтауға мүмкіндік береді;

  3. Оқушы білімін пысықтауға көмектеседі,жаңа сабақты әрбір оқушыға өте ұқыпты тыңдауға дағдыландырады;

  4. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,ынтасын арттырады;

  5. Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытып,жылдамдыққа дағдыландырады;

  6. Оқушылардың операторларды бір-бірімен салыстыра отырып,түйінді (қызметші) сөздердің мағынасына қарай,параметрлеріне қарай ажырата білуге,өз бетінше қорытынды жасайбілуге дағдыландырады;

  7. Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.


Тестік сынақ жұмыстарының тиімділігі

  1. Оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады;

  2. Тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді;

  3. Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді;

  4. Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытады,жылдамдыққа,тапқырлыққа дағдыландырады;

  5. Оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді;

  6. Оқушылардың пәнге қызығушылығын,ынтасын арттырады;

  7. Оқушылардың жауаптарды салыстырып,дұрыс жауабын таңдай білуге,өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады;

  8. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

  9. Барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.

Сабақтың соңғы кезін-нәтижелерін қорытындылайтын кезеңін қамтитын оның валеологиялық компонентіне тоқталып өткім келеді.Баға-оқушыларды үйренуге талпындыратын негізгі құралдардың бірі.Жоғары баға баланы қанағаттандырып алға тартады,төмен баға оларды ренжітіп,оқығысы келмейтін сәттер туғызады.Сондықтан оқушының неге ондай баға алғанын түсіндіріп кеткен дұрыс.Мұғалімнің осылай ауызша берген түсініктемесі оқушының көңілінің пәстігін жойп,оған үміт отын жағып,алға ұмтылуға талпындыруы тиіс.Сол себепті сабақ соңында оқушының барлық істеген жұмысын қорытындылап баға қойған дұрыс болады.


Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек.Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар,жарыстар түрінде,пәнаралық байланыс түрінде,көрнекіліктермен,дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек балалар қызығатын сияқты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет