«Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту» Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні



бет3/4
Дата29.09.2023
өлшемі35,39 Kb.
#111601
1   2   3   4
Бала танымын ойынмен дамыту
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл – Фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана оны бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің 43- қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, оның өзі із – түссе жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі – оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да – ойын әрекеті болып саналады.
Қай ғылымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланаң жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл – ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойы өсіреді.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін де емес» — десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды – деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп – тұмарының сабақтасып жатқандаға туралы тұжырым жасайды.
Ойын – таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші – ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек.
Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан олардың оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі.
Ойын мазмұнындағы сабақты жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиелеушінің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығармашылыққа қарай жетелей алуы керек.
Ұстаз ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады.
Өйткені, ойын арқылы ғана дамыған бала ағаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан – жақты жетілдіріп, мінез – құлқын, ерік – жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды.
Бұдан шығаратын қорытынды мақсаты дұрыс таңдалып, сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана бала танымының дамуына жағдай жасайды.
Сабақта ойынды дұрыс қолдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын ала білу, ойын арқылы баланың танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет