«Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар» Қазақ тілі, сынып



бет2/6
Дата25.01.2023
өлшемі1,33 Mb.
#62881
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
didaktikaly-oyyndar-men-tapsyrmalar

Кіріспе 


Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру. Сонымен қатар заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым – шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді. Әрбір мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында және технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдау қажет. Жаңа технология оқушыға тек білім негіздерін беріп қана қоймайды, сонымен қатар оны тұлға ретінде дамытуға бағытталған. Осы жұмыстағы негізгі міндет – бастауыш сыныпта оқушылардың ойын арқылы ойға жетелеу.
Ұстаздың жан – жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден – бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі. Ал жаңаша мұғалім тәжірибенің өзгеруіне, яғни білімнің өзгерісіне талпыныстағы ұстаз. Осы үлгідегі өзгеріске бағытталған ұстаз келбеті менен де табылу керек екенін түсіндім. Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыруды, ойларының жетілуін, логикалық тапсырмаларды орындай білулерін негізге алдым. Яғни оқушылардың сыни ойлауы мен шығармашылық, танымдық қабілеттерінің дамуы ең алдымен сабақ үрдісіндегі қосымша мәліметтердің қызықты да танымды болуына байланысты. Не? қалай? неліктен? жазамын деген сауалдардың жауабына қазақ тілі пәнінен дидактикалық ойындар мен тапсырмаларды жинақтадық.
Ұсынылып отырған дидактикалық құрал 3 – 4 сыныптың қазақ тілін оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Берілген тапсырмалар міндетті деңгейдегі көшіру, сызу емес, шығармашылық ізденіске, ойлануға бағытталған өзіндік жұмыстар. Тапсырмалар оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ізденіп орындауына құрастырылған.


Мақсаты:
Ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында өздері күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарына сүйеніп, жан – жақты қырынан түсінуге, жас ерекшеліктеріне лайықты тұрғыда бақылауға жағдай туғызу. Әдістемелік оқу құралы арқылы оқушылардың ақыл-ойын дамытып, ізденіске жаттықтыруға болады. Беріліп отырған қызықты тапсырмалар, қызықты дәйектемелер оқушылардың ойлануына, өмірмен байланыстыра алуына жағдай жасайтындай деңгейді қамтиды.


Міндеттері:

  • оқушылардың білімдерін тереңдете түсу арқылы шығармашылық шеберлікті қалыптастыру;

  • деңгейлік тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту;

  • жұмыс түрлері арқылы олимпиадаларға қатыстыру;

  • ізденімпаздыққа талпындыру.



Өзектілігі:
- Қазақ тілін оқытуда танымдық қызығушылықты, шығармашылықты меңгерту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
- Бастауыш сыныпта оқытылатын қазақ тілі пәні жалпы оқытудың бастапқы курсы болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет