Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өтеу емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою,ережені ой елегінен өткізе білу балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі.
Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі- оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да болады оқу мен білімінің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын- да ойын әрекеті болып саналады.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский:
«ойын баланың алдында өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес»- дейді.