Дидактикалық технологиялардың даму және проблемалары
Кіріспе
Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк артады. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетек меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына қөмектеседі.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы. П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Дидактикалық» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары 1) өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2) есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3) Тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру. «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясы тұжырымының ерекшелігі: мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмалары орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.
Оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша мұғалім оқушыға дайын, тиісті оқу материалының белгілі бір мөлшерін беріп, одан соң оны пысықтап, дайын үлгі бойынша жаттығулар орындаумен шектелетін. Бұл жағдайда оқушылар императивтік-атқарушылық қызмет атқаратын. Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, оңды нәтижелер беруде. Олар – модульдік, деңгейлік, жаңаша жаңғыртып оқыту, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, оздыра оқыту, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиялары. Аталған технологиялардың ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне
ДТ арқылы мамандыққа бағыттап оқыту барысында тіл үйренушілердің білімдік, танымдық қажеттіліктері толық қанағаттандырылып, оқу үрдісінде тілді игеру мүмкіндігі дамиды, өз мамандығына деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Мұнда сөйлесім әрекетінің – тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім түрлері бір-бірімен байланысып, қатысымдық бағытта мамандыққа баулып оқытуды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін ДТ технологиясы арқылы үйретудің тілдік қатынасты жүзеге асыруда тигізетін септігі мол. Бұл ретте тіл үйренушілердің тек кәсіби бағыттағы тақырыптармен шектелмей, әдебиет, баспасөз материалдарынан мамандықтары жайында қажетті ақпаратпен танысуларына көңіл бөлінеді. Мұнда баяндама, реферат, шағын мәліметтер даярлау, түрлі тақырыпта шығарма жұмыстарын жазу, мәтінмен жұмыс түрлері, мәтінді диалогке, керісінше, сұхбатты монологке айналдыру, берілген жағдаятқа қатысты тапсырмалар орындау, сөздікпен жұмыс, түрі өзгертілген тапсырмалармен жұмыс сияқты т.б. амал-тәсілдер кеңінен қамтылады.
ДТ технологиясы арқылы ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін оқыту болашақ электриктердің өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, қарқынды түрде дамуына жол ашады.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Бұлар бір-бірімен өзара байланысты болады және ғылыми-дидактикалық жүйенің бір бөлігі ретінде қаралады.
Оқыту- оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін
қажетті адамзат тәрбиесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтежиесі болатын білім, білік,
дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесінің компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде жүзеге асырылады педагогикалық процесс сонда ғана нәтижелі болады.
Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Сонымен қатар оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар, яғни оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімі, іскерлігін, дағдысын тексеріп тез қорытыныды шығаруға болады.
Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан А.С.Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасын оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, қарама-қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары. Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарламасы негізінде сипаттауға болады.
3.Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.
Мұндай заңдылықтарға оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу – материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестеріне байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Л.С.Выготскийдың айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы іздеуге талпындырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытуды іске асыру адам баласын белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды жақсы ұйымдастыруға болмайды. Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесігнде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге жауапкершілік сезімі артады.
Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу.
Жас ерекшеліктер мынадай жағдайда есепке алынады:
1. Оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын, т.б. жасағанда.
2. Организмнің дене психикалық дамуына байланысты .
3. Оқу, тәрбие процесінде.
Достарыңызбен бөлісу: |