Кез-келген радиотехникалық материал – жартылайөткізгіш, жартылайөткізгіш және диэлектрик – электр тоғын өткізеді. Бірақ диэлектриктерде өте аз шамадағы тоқтар өтеді, тіпті оларға үлкен кернеу әсер етсе де (500 В және жоғары).
Диэлектриктердегі электр тоғы – бұл электрондар мен иондардың бағытталған қозғалысы: оң және (немесе) теріс иондар.
Сұйық диэлектриктердің электрөткізгіштігі
Сұйық диэлектриктердің электрөткізгіштігі көптеген факторларға тәуелді: молекулалардың құрылуы, температуралар, қоспалардың болуы, зарядталған ірі коллоидтық бөлшектердің болуы және де басқа факторлар.
Биполяр сұйықтардың электрөткізгіштігі диссоциацияланған қоспалар мен ылғалдылықтарға тәуелді болады. Полярлы сұйықтарда электрөткізгіштік қоспалардан басқа сұйықтың өзінің диссоциацияланған иондарымен пайда болады. Биполяр сұйықтармен салыстырғанда поляр сұйықтар жоғары өткізгіштікке ие. Диэлектрлік өтімділік жоғарылаған сайын өткізгіштік өседі. Сұйықтарды қоспалардан тазалау олардың өткізгіштігін азайтады.
Сұйық диэлектриктің меншікті өткізгіштігі температураға экспоненциалды тәуелді және мына теңдеумен өрнектеледі
мұндағы А және a – сұйықты сипаттайтын тұрақтылар.
Температура өскен сайын сұйық өткізгіштігінің өсуі оның иондарының қозғалғыштығының өсуіне алып келетін тұтқырлығының азаюымен және диссоциация дәрежелерінің өсуімен туындайды.
Әлсіз өріс аумақтарындағы тоқ сұйық диэлектриктерде Ом заңымен сипатталады. Газға қарағанда әдетте тоққа байланысты сұйық диэлектрик кернеуінде қанығу аймағы болмайды, алайда ол сұйықты тазалаудың жоғары дәрежесінде пайда болуы мүмкін. 10 – 100 МВ/м артатын жоғары өріс аймағында Ом заңы өрістің әсерімен қозғалатын иондар санының өсуі нәтижесінде бұзылады.
. Қатты диэлектриктердің электрөткізгіштігі
Қоспалардың иондарының, сонымен қатар, диэлектриктердің жеке иондарының және кейбір материалдардағы болатын бос электрондардың қозғалысымен диэлектрик электрөткізгіштігі шартталған. Электрлік электрөткізгіштік өте күшті электр өрісі болса ғана байқалады. Төменгі температураларда әлсіз орныққан иондар және қоспалар иондары, ал жоғарғы температураларда термиялық босатылған кристаллдық тор иондары қозғалысқа ұшырайды. Электрондық электрөткізгішке қарағанда иондық электрөткізгіш кезінде зат алмасу жүреді.
Қатты диэлектриктердің салыстырмалы өткізгіштігінің температуралық тәуелділігі былай өрнектеледі
мұндағы W – заряд тасымалдаушылардың активацияэнергиясы, k –Больцман тұрақтысы.
Тас тұзы үшін натрий ионының активация энергиясы 0,85 эВ, хлор иондары үшін 2,5 эВ, электрондар үшін 6,0 эВ.
Бір валенттік иондық кристаллдарың өткізгіштігі, мысалы NaCl, көпваленттік иондық кристаллдарға (MgO, Al2O3)қарағанда көбірек болады.
Электр өрісінің кернеулілігі жоғары болған жағдайда (10 - 100 МВ/м жоғары болса) кристаллдық диэлектрикте өріс кернеулілігінің жылдам өсуіне байланысты, Ом заңының бұзылуына әкелетін біршама электр тогы пайда болады.