Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Нечипоренко бойынша зерттеу үшін зәр жинау, зерттеу мақсаты



бет2/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
23. Нечипоренко бойынша зерттеу үшін зәр жинау, зерттеу мақсаты.
24. Зимницкий бойынша зерттеу үшін зәр жинау, зерттеу мақсаты.
25. Талдау үшін нәжісті алу ережелері. Нәтижелерді бағалау.
26. Талдауға қақырықты жинау ережелері. Нәтижелерді бағалау.
27. Науқасты асқазанды тексеруге дайындау және мақсаты.
28. Науқасты дуоденальды зондтауға дайындау және мақсаты.
29. Науқасты тыныс алу органдарын диагностикалаудың рентгенологиялық әдістеріне
дайындау және мақсаты.
30. Пациентті ас қорыту органдарын (асқазанды) диагностикалаудың
рентгенологиялық әдістеріне дайындау және мақсаты.
31. Пациентті тоқ ішекті зерттеудің рентгенологиялық әдісін жүргізуге дайындау
(ирригоскопия).
32. Пациентті өт қабын зерттеудің рентгенологиялық әдісін жүргізуге дайындау
(холецистография).
33. Науқасты экскреторлық урографияға дайындау және мақсаты.
34. Науқасты тыныс алу органдарын эндоскопиялық зерттеу әдісіне дайындау және
мақсаты.
35. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ФГДС) дайындау және
мақсаты.
36. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (ректороманоскопия)
дайындау және мақсаты.
37. Пациентті ас қорытуды зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (колоноскопияға)
дайындау және мақсаты.
38. Пациентті қуықты зерттеудің эндоскопиялық әдісіне (цистоскопия) дайындау және
мақсаты.
39. Пациенттерді ішкі органдардың УДЗ жүргізуге дайындау.
40. Пациентті ЭКГ, спирография жүргізуге дайындау


ЖАУАПТАПЫ


1.”Мейірбикелік процесс» ұғымы, мейірбике жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру.
Мейірбикелік үрдіс – кәсіптік мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты – емделушінің барлық жағдайын қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру. Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті қарастырды: тыныс алу, тамақтану,ішу,таза болу, қауіпсіз болу, бөліп шығару, қозғалу, дені сау болу, дене қызуын сақтау, ұйықтап демалу, киіну, қарым-қатынас жасау, өмірлік қазынаға ие болу және ойын ойнау, қызмет ету, оқу.
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері:
1. Емделушінің денсаулығы жайында ақпарат жинау;
2. Мейірбикелік диагноз;
3. Күтімді жоспарлау;
4. Жоспарды жүзеге асыру;
5. Нәтижені бағалау.
Емделушінің денсаулығы туралы ақпаратты науқастың өзінен сұрау ( субъективтік әдіс), мүшерерін тексеріп шығу ( объективтік әдіс) ,туыстарымен сөйлесу, ауру тарихын сұрау арқылы біледі. Емделушімен сөйлескенде мейірбике алдымен амандасып, аты-жөнін сұрап, кейіннен оның шағымдарымен танысады, содан соң ауру тарихын сұрайды (яғни, қандай дәрі-дәрмек қабылдағаны туралы, қай кезден бері ауырып жүргені жайлы және т.б), соңында өмір тарихын сұрастырады (яғни, басқа да аурулармен ауырды ма, тұқым қуалайтын аурулары жоқ па, операция болды, бірнәрсеге аллергиясы бар мажәне зиян нәрселерді қолдана ма деген сұрақтарды қою). Ал мүшелерін тексергенде көру( терісін, көзін, ауыз қуысын қарап шығу), пальпация (қолмен сезу, яғни, жүрек соғысын тексеру, ішін ұстау), перкусия (тықылдатып тексеру), аускультация ( қан қысымын тексеру), антропометрия ( бойын, салмағын) сияқты әдістер қолданады.
Медбикелік диагноз симптомдар мен синдромдардан тұрады. Мейірбикелік диагноз дәрігер диагнозынан тәуелсіз болады. Дәрігер бұл шағымдардың нақты бір аурумен ауырғандықтан болатынына диагноз қойса, мейірбике аурудың тек сыртқы көрінісіне диагноз қояды. Мысалы, қан қысымы жоғары науқасқа мейірбике бас айналу немесе жүрегі айну немесе құлақ шуылдауы деген сияқты диагноз қояды, ал дәрігер нақты қан қысымы жоғары деп қояды.
Мейірбике емделушінің күтімін нақты жоспарлайды. Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені (яғни, науқастың ең басты шағымы) , күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:
1. жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.
Мақсат қоюдың талаптары:
1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.
Жоспар түрлері:
- Қысқа (1 аптадан кем) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
- Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған. Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның
келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.
Жоспарлауды жүзеге асыру
Медбикелік іс - әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:
·тәуелді
·тәуелсіз
·өзара тәуелді
Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.
Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
Мысалы:
·емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
·емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
·емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
·емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын
дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.
Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.
Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет