Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру



бет26/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ
ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.


Қолдану көрсеткіштері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.
Әзірле: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, мақта тампоны бұрап оралған құрғақ өзекті, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.
2. Қолыңызды антисептикпен тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.
3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.
5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.
6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.
7. Оң қолмен өзек шыны түтіктен шығарып алыңыз.
8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен өзекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра өзекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.
9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап өзекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.
10. Шыны түтіктің шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай өзекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.
11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.
12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.
13. Биксті «кілтке» жабыңыз.
14. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.
Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет