Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Талдау үшін қақырықты жинау ережелері. Нәтижелерді бағалау



бет28/39
Дата24.04.2023
өлшемі137,24 Kb.
#85943
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
26.Талдау үшін қақырықты жинау ережелері. Нәтижелерді бағалау.
Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз: - Сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың атыжөнін, жасын зерттеу мақсатын, күнін); - 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы – 370С.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.
2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.
3. Науқастан сұраңыз: - таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды; - тұп-тура қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаяды; - тік тұруын немесе тік отыруын; - қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай – бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз; - қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
4. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.
Ескерту: - егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет; - қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.
Макроскопиялық тексерісте қақырықтың көлеміне, конситенциясына, түріне, түсіне, иісіне және әр түрлі қоспалардың кездесуіне назар аударады.
Қақырықтың көлемі оның консистенциясына, аурудың спецификасына және науқастың қақырынуына байланысты. Жабысқақ қақырық қиындықпен шығады, ал әлсіреген науқастың оны толықтай шығаруға әл-дәрмені жоқ. Жоғарғы тыныс жолдарының өткір қабыну ауруларының бастапқы кезеңінде аз мөлшерлі қақырықтың бөлінуі, ал бронхоэктазда, туберкулез кавернасында, абсцессте және өкпе ісінуінде қақырықтың тәуліктік көлемі литрден асып кетуі мүмкін. Бір реттік көп мөлшерлі қақырық (жарты литр) іріңді плевритке тән.
Қақырықтың келесі негізгі түрлері ажыратылады:
- шырышты – таза күйінде сирек кездеседі, жартылай көпіршікті; тыныс жолдарының катаральді қабынуына тән;
- іріңді - қою, мөлдір емес, сарғыш-жасыл түсті; өкпе қуысын бронх арқылы босатуда байқалады.
- серозды – мөлдір емес, көбікті, сұйық; жиі эритроциттердің көптігінен алқызыл; өкпе ісінуіне тән;
7. Қақырығыңыздың түсі
Сау адамның қақырығы түссіз немесе ақшыл болады. Егер қақырықта онан басқа түс пайда болса, оны белгілі аурудың белгісі деп білген жөн. Айталық қақырық жасыл түсті болса бұл сары аурудан, өкпенің үлкен бөлімі қабынуынан, өкпені жасыл іріңді таяқша бактерияның инфекцилауынан пайда болады. Ал қызыл түс қан немесе қан белогынан пайда болуы мүмкін. Мұндай белгі өкпе рагы, өкпе тубуркулезі, өкпе қан сорғыш құрт ауруы, тыныс жолы кеңею, тыныс жолы қабыну, өкпе жедел сулы ісігі қатарлы ауруларға шалдыққандарда көп болады. Қан қызыл қақырық өкпе тубуркулезінің алғашқы кезінде пайда болады. Алқызыл көпіршік қақырық жедел сулы ісігінің белгісі. Егер қақырық қара түсті болып келсе ол ұзақ уақыт темекі тартқандарда немесе шаң-тозаңның ішінде жүргендерде көп болады. Ал қоңыр түсті болып келсе ол созылмалы өкпе қанталау сипатты жүрек ауруының белгісі.
Қақырықтың формасы:
Жабысықақ қақырық. Бұл жабысқақ мөлдір қақырық тыныс жолының жедел қабынуы, өкпе қабыну, вирустық өкпе қабыну ауруларының белгісі.
Қанды қақырық. Бұл өкпе тубуркулезі, тыныс жолының кеңеюі, өкпе үлкен бөлімінің алғашқы қабынуы, тыныс жолының созылмалы қабынуы, тыныс жол-өкпе рагы қатарлы аурулардың белгісі.
Іріңді қақырық. Сары немесе жасыл сары, ірің клеткалары мен өлеттенген ұлпалардың ұнтағы мол ілескен қақырық тыныс жолы қабыну, өкпе іріңді ісігі, тыныс жолы кеңею қатарлы аурулардың белгісі.
Қақырықтың иісі:
Жаңа түскен қақырықта иіс болмайды, бірақ, жылы жерде ұзақ уақыт аузы ашық ыдыста болса, иісі пайда болады. Жаңа түскен қақырықтың басқа жағынан қарағанда, иісі болуы да мүмкін:
қабынған іріңді болса, ол анаэробты флораның болуына және өкпе тінінің бұзылуына (өкпе абсцессі немесе гангрена, бронхоэктаз, бронхтар арқылы шыққан іріңді плеврит) алып келеді.
Әдетте қақырық ұзақ уақыт тұндырғанда, тұнбаға айналмайтын гомогенді субстрат болып табылады. Тек кейбір ауруларда (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі) ол 3 қабатқа бөлінеді:
Жоғарғы қабаты – ауалы қақырық бөлігі,
ортаңғы қабаты – серозды сұйықтық,
төменгі қабаты – ауыр ірің мен детрит, бұл өкпе тінінің бұзылуы кезінде пайда болады. Ісіну кезіндегі жеңіл
қақырықтың 2 қабаты бар: жоғарғы (көбікті) және төменгі (сулы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет