«Дифференциалдық теңдеулер» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы



Дата12.05.2023
өлшемі19,4 Kb.
#92476
Байланысты:
Differentsialdy -te deuler




«Дифференциалдық теңдеулер»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:

М092

Математика және статистика







шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тест «Дифференциалдық теңдеулер» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.





Тақырыптың мазмұны

Қиындық деңгейі

Тапсыр
малар саны



1

Дифференциалдық теңдеулердің негізгі үғымдары. Айнымалылары ажыратылатын және оған келтірінетін тендеулер



A

3

2

Біртекті және оған келтірілетін теңдеулер. Толық дифференциалды теңдеулер мен интегралдаушы көбейткіштер



A

1

3

Бірінші ретті сызықты және оған келтірілетін теңдеулер



B

3

4

Туындысы бойнша шешілмеген теңдеулер. Параметр енгізу әдісі. Лагранж және Клеро теңдеулері



B

3

5

Коши есебінің шешімінің бар және жалғыз болуы



C

1

6

Жоғары ретті теңдеулер. Реті төменділетін теңдеулер





B

2

7

Сызықты коэффициентері тұрақты біртекті дифференциалдық теңдеулерді интегралдауы





A

2

8

Сызықты коэффициентері тұрақты біртекті емес дифференциалдық теңдеулерді интегралдауы





C

3

9

Сызықты дифференциалдық теңдеулер жүйесі. Сызықты коэффициентері тұрақты дифференциалдық теңдеулер жүйесін интегралдауы





C

1

10

Симметрия түрдегі жүйені интегралдау





C

1

Тестінің бір нұсқасындағы тапсырмалар саны



20



4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Тест тапсырмаларының мазмұны бакалавриаттың «Дифференциалдық теңдеулер» курсының материалдарын қамтиды.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:

  • жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);

  • орташа (B) – 8 тапсырма (40%);

  • қиын (C) – 6 тапсырма (30%).

7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Матвеев Н.М. Методы интегрирования обыкновенных дифференциальных уравнений. - М.: Высшая школа, 1967.
2. Сүлейменов Ж.С. Дифференциалдық теңдеулер курсы. - Қазақ университеті, 2009, Алматы: Рауан, 1991.
3. Сүлейменов Ж.С. Дифференциалдық теңдеулер курсы – 2. - Алматы: Білім, 1996.
4. Филиппов А.Ф. Сборник задач по дифференциальным уравнениям. - Ижевск: НИЦ «Регулярная и хаотическая динамика», 2000.
5. Қадыкенов Б.М. Дифференциалдық теңдеулердiң есептерi мен жаттығулары. - Алматы, 2002.
6. Понтрягин Л.С. Обыкновенные дифференциальные уравнения. – М.: Наука, 1974.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет