Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


Себеп - салдар диаграммасы



Pdf көрінісі
бет12/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Себеп - салдар диаграммасы. Сапаны сипаттайтын, нәтижелі 
көрсеткішке әсер ететін факторларды анықтағанда Исикава сызбасын жиі 
қолданады. 
Исикава диаграммасы 1953 жылы әртүрлі инженерлердің ойларын 
анализдеу арқылы алынған Токио университетінің профессоры Каору Исикава 
ұсынған еді. Исикава диаграммасын басқаша себептер немесе «балық қаңқасы» 
деп атайды. Ол нақтылы көрсеткіштерден және нәтижені сипаттайтын сапа 
көрсеткіштерінен тұрады. 
Мәселенің мәні түзу тік нұсқағышпен көрсетілген. Бұрылған 
нұсқағыштар арқылы мәселеге тікелей немесе жанама әсер ететін себептерді 
көрсеткен.
Себеп - салдар диаграммасын құру тәртібінің нұсқасы: 
1. Түзу тік нұсқағыш – кіші жерлерін шешетін мәселені таңдау; 
2. Бұрылған үлкен нұсқағыш – мәселеге әсер ететін (Бірінші тәртіп 
себептері - машиналар, материалдар, технология, құжаттар, адамдар, 
жағдайлар) себептерді анықтау; 
3. Кіші нұсқағыштар – факторлар мен жағдайға әсер ететін, себептер 
жиынтығын анықтау (2 және 3 тәртіп себептері); 
4. Диаграманы талдау: берілген периодта толық немесе бөліктеп жоюға 
болатын себептерді мәні бойынша сұрыптап, оларды анықтау. 
5. Жоюға жататын себептердің деңгейін анықтау; 
6. Анықталған себептерді жоюға бағытталған шаралар жоспарын құру. 
Сурет 4. Себеп-салдар диаграммасы 
Материалдар Орындаушылар Шарттар 
Жұмыс орны 
Микроклимат 


18 
Сапа 
Квалификация 
Мерзімдер 
Си-дың өсуі СИ-ң болуы
Құжаттардың болуы 
Өз уақытында жөндеу 
Машиналар (жабдықтар) Технология (процедура)
Парето диаграммасы. Саны аз себептерден туындалатын үлкен ақаулар 
саны да аз болатынын бәрімізге мәлім. Сондықтан саны аз факторлардың шығу 
себептерін анықтап барлық шығынды жоюға болады. Статистика бойынша 80% 
мәселе 20% себепке байланысты. Оны Парето диаграммасы арқылы суретте 
көрсетуге болады. Парето диаграмасын құру келесі этаптардан тұрады: 
1. Диаграмма таңдау (қызметтің нәтижесіне немесе себептерден) 
2. Нәтижені класификациялау. Әрине әрбір классификация шартты 
элементін қамтиды. 
3. Мәліметтерді жинақтауда тәсіл мен периодын таңдау. 
4. Мәліметтерді тіркеу үшін бақылау парақтарын құру 
5. Әрбір қасиет және дәрежесі бойынша мәліметтерді сұрыптау. 
6. Бағаналы диаграмма құру. 
Ереже бойынша диаграмма құрған кезде кез - келген уақыт периодында 
барлық ақау 100% деп есептеледі (ордината осі) және диаграммада процент 
есебінде көрсетілген ақау себептерін анықтайтын бағаналар сызылады. Содан 
кейін бағаналар бірінен соң бірі орнатылып, оң жақтағы жоғарғы нүктесінде 
кумулятивті сызық сызылады. Бұл кумулятивті сызық барлық ақау себептерін 
суммалы процент есебінде сипатталады. 
Сурет 5. Парето диаграммасы 
Ақау, % 
Мәселе 


19 
Ақау себептері 
Баспалы өнімді шығарған кезде ақау түрлерінің мысалы: 
1. Бланкілермен қамтамасыз етудің мерзімнің бұзылуы; 
2. Техниканың сапасыз жұмысы; 
3. Программаның дұрыс істемеуі нәтижесінен болатын ақаулар; 
4. Жарықтандырудың жетіспеушілігі; 
5. Басқа да себептер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет