Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет13/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Бақылау парақтары. Өндірісте стандарттық бақылау жүргізгенде 
мәліметтерді жинақтауда бақылау парақтары қолданылады. Бақылау парақтары 
анық суретті алу мақсатымен заңдылығын анықтап және мәліметтерді 
жинақтауын жеңілдетеді. Берілген тәсіл әрбір ақаудың шығу жиілігі мен уақыт 
аралығында өзгерісін анықтауда жеңіл тәсіл болып есептеледі. 
Бақылаудың статистикалық тәсілі «алты сигма». Қазіргі уақытта 
бақылаудың статистикалық тәсілі сапаны бақылаудың жаңа тәсілі ретінде 
әдебиеттерде 
басылып 
шығарыла 
бастады. 
Бұл 
тәсіл 
Моторолла 
корпорациясының сапаны басқару бойынша жұмыстарын жүргізу нәтижесінен 
пайда болды, және тек 90 жылдардың аяғында ғана сапамен қамтамасыз етудің 
революционды сипатта болды. «Алты сигма» тәсілі миллиондаған мүмкін 
болатын ақаулар ішінен 3,4 - тен көп емес ақауды болдыртпайтын өндірістік 
процессті құру және обьективті өлшеулер мен мәліметтерді сараптауға 
негізделген. 
Белгіленген шектің ішінен 6 ауытқуға тең болатын және процесстің 
орташа көрсеткіш параметр аралығы өзгермейтін деңгейін қамтитын процесс 
алты сигма тәсілінің талаптарына жауап береді. Сондықтан, егер процесстің 
қалыптылығы бойынша алатын болсақ, онда бақылаудың саны көп болғанда 
процесстің қалыпты болады.
Қазіргі уақытта көптеген компаниялар 3-4 σ-ге дейін шекті қамтитын 
процесстерді қолданады. Егер процесстер қалыпты өтетін болса және ±3σ тең 
болғанда, онда миллион мүмкін болатын ақаулардың ішінен 66800 ақауларды 
құрайды. Ал ±4σ болғанда миллион мүмкін болатын ақау саны 6210. Қазіргі 







20 
кезде бұл тәсілді қолданып жүрген компаниялар өте көп, мысалы, автокөлік 
жасау, электрохимиялық және т.б компаниялар. 
6σ-ні әзірлеушілердің кеңестері бойынша жобаны жүзеге асыру үшін 
келесі 6 кезеңді орындау керек: 
1. 
Процессті орындау кезінде жақсы негізгі сипаттамалар ретінде 
алынған шығу параметрлерін қарастыратын бір немесе бірнеше маңызды 
өндірістік процесстерді таңдау; 
2. 
Белгілі уақыт ішінде процесстің шығу параметрлерінің өзгерісін 
есептеп әдістемесін құру; 
3. 
Белгілі бір қаражаттық параметрлерге қол жеткізу және 
тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жобаның терминдерін 
құру; 
4. 
Шығу параметрлерге әсер ететін процесстің негізгі кіру 
параметрлерін құру; 
5. 
Процесстің шығу параметрлеріне жақсы жағынан әсер ететін кіру 
параметрлеріне ауыстыру; 
6. 
бақылау және мониторинг механизмін таңдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет