Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И


Идеяларды генерирлеу әдісі



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Идеяларды генерирлеу әдісі. Жапонияда сапа үйірмелері ретінде 
таралған идеяларды генерирлеу әдісі жататын сапа сұрақтарында техникалық 
әдістерінің бірі. 
Алға қойған мақсатқа сәйкес, адамның ойлауын нақтылауына, көптеген 
жаңа идеялар мен факторларды жасап шығаруына және қабылдауға 
көмектеседі, өнер процессін жақсырақ бағалауға, мәселелерді толықтай 
кешенді қамтуды қамтамасыз етеді. 
Сапа тобының құрылуы – ерікті болып табылады. Топ жиналысы – бұл 
жұмыс уақытында жалғыз рұқсат етілген өндірістік емес қызмет түрі. Егер топ 
жиналысы жұмыстан кейін болса, онда қосымша еңбек ақы төленуі тиіс.
Идеяларды генерирлеу әдісі 3 кезеңнен тұрады. 
1 кезең. Мәселелерді талқылауға дайындау.
Талқылашы топ әдетте 5-7 адамдардан тұрады. Топ жетекшісі анықталып, 
мына міндеттерді атқарады: 
1. 
Алға қойған мақсатты қысқа айтып жеткізу; 
2. 
Қажетті нәтижені алады; 
3. 
Мәселені талқылау кезінде топтың өзіндік ережелерін ұстану және 
қызметкерлерге таныстыру; 
4. 
Талқылау нәтижесінен алынған қорытындыны шығарып, талқылау 
процессін басқару. 
2 кезең. Мәселенің талқылауын жүргізу.
Топ жетекшісі топ мүшелеріне мәселені шешу үшін өздерінің идеяларын 
алға ұсынуды сұрайды және төмендегілермен қамтамасыз ету керек: 
1. 
Сөйлеген адамдарға деген сыйластықтың болуын, жұмыс процесі 
кезінде шығармашылық кеңістікті құру; 


21 
2. 
Кез - келген идеяны, гипотезаны, ұсыныстарды, сөйлеу 
бостандығын қамтамасыз ету; 
3. 
Мәселе талқылауының ережелері мен нормаларын орындауын, топ 
мүшелерінің сөйлеу кезегін реттеу; 
4. 
Барлық топ мүшелерінің сөйлеуін қадағалау; 
5. 
Талқылау процесін жүргізу. 
3 кезең. Идеяларды бағалау және сұрыптау. 
Көптеген талқылаулар нәтижесінен дауыс беру арқылы 7 идеяны алып, 
одан кейін талқылау арқылы үшін сұрыптап алып және соңғы бір идеяға 
тоқталу.
Талқылау процесі 1 сағаттан көп емес болуы керек. Мәселені талқылау 
кезінде келесі негізгі шарттармен ережелерді сақтау керек.
1. 
Қатысушылардың ешқайсысы өзінің артықшылығын қолданбау 
керек; 
2. 
Әрбір қатысушы өзінің бірнеше идеяларын ұсынуға болады; 
3. 
Идея баяндалған кезде нақты, әрі қысқа болуы қажет; 
4. 
Егер мәселе шешілмесе, онда оны бірнеше бөліктерге бөледі; 
5. 
Идея айтылған уақытта критика, реплика, күлкі болмауы қажет. 
Егер идеяларды назарға алмайтын болса, онда активтілік төмен болады. 
Тәжірибе көрсеткендей берілген уақыт аралығында қарастырылып, ешқайсысы 
назардан тыс қалмауы керек. 
Жаңа сапа бақылау тәсілдерін қолданған кезде психологиялық 
моменттерді және адамдық факторларды ескермеуге болмайды. Олар 
коллективтік күшті қажет етіп, жауапкершілікті барлық қызметкерлерге артқан 
кезде ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл тәсілдерді қолданған кезде 
процессті орындаушылар сапаға қатысты мәселелеріне қатысы бар ма, жоқ 
екенін біліп, сапаны жоғарылату жұмыстарына қатысады.
Қазіргі уақытта жаңа технологиялар жоғары дамыған, сондықтан 
математикалық статистиканы қолдана отырып, әртүрлі графиктерді құрып, 
математикалық есептеулерді жүргізуді қажет етеді. Сапа бойынша 
менеджерлердің арсеналында күрделі есептерді жүргізуге мүмкіндік беретін 
кешенді технологиялар қолдануда.
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа мен ақаулықты бақылаудың статистикалық әдістерін атап өтіңіз? 
2. Бақылау картасымен жұмыс істеу принципі қандай? 
3. Себеп салдар диаграммасын құру тәртібі қандай? 
4. Парето диаграммасын құрастыру мақсаты қандай? 
5. Идеяны генерирлеу әдісінің кезеңдері?


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет