5
Кіріспе
Өнім сапасын жақсарту мен халыққа көрсететін қызмет мәселелері,
қазіргі жағдайда шаруашлықпен айналысатын әртүрлі ұйымдық-құқықтық
формалар мен тұрғындардың - кәсіпкерлердің алдында тұрған маңызды
мақсаттардың бірі болып табылады. Олар техникалық, экономикалық және
әлеуметтік аспектілерді қамтиды.
Бұл
оқу
құралында
өнім
сапасының
көрсеткіштерін
жіктеу
қарастырылады, соның ішінде қоғамдық тамақтанудың аспаздық көрсеткіштері
де бар. Олардың сипаттамалары мен өлшеу әдістері де берілген. Сапаны
жақсарту факторларының талдауына, принціптеріне, сапамен басқарудың
кешенді жүйесін жасау ерекшеліктері мен функцияларына аса үлкен көңіл
бөлінеді.
Қоғамдық
тамақтану
қызметінің
сертификациясы,
еркін
сертификацияны жүргізу реті туралы сұрақтар қарасытырылған.
Осы оқу құралдың негізгі мақсаты – бірінші кезекте тұтынушының нақты
және болжамды қажеттілігін қанағаттандыратын өнім сапасы мен қызметіне
байланысты бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды ұйымдастыруға қабілетті
жоғары білікті мамандарды дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: