Диктант 5 сынып Отан



Дата27.01.2022
өлшемі13,93 Kb.
#24456
Байланысты:
Диктанттар 5-6


Диктант 5 сынып

Отан

«Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші? Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Отан деген – сенің туып-өскен, кіндік қаның тамған жер, ата – анаң, досың. Отан - бұл біздің ата-әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.40 Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, «Отан» да адам баласына солай да ыстық. Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін?«Отан үшін отқа түс – күймейсің» – деген мақал бар. Отан – бұл менің Қазақстан Республикам, менің жүрегім.»

(99 сөз) Мақат Садық

Диктант 6 сынып

Отан

«Отан… Бұл сөз — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Отан деген – сенің туып-өскен, кіндік қаның тамған жер, ата – анаң, досың. Отан - бұл біздің ата-әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз. Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, «Отан» да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, онан алар орны тым ерек болады. Мен үшін Отан – құндылықтарды, материалды тасымалдаушы емес. Бұл — жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін жердің рухани бұрышы. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. 96 Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Отан – бұл менің Қазақстан Республикам, менің жүрегім.»

(110 сөз) Мақат Садық



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет