Жанбосынова Т. Ж



жүктеу 38.98 Kb.

Дата01.01.2017
өлшемі38.98 Kb.

257 

 

АБАЙ ƏНДЕРІ-БІЗБЕН БІРГЕ              

                                                            

                                                                                                      Жанбосынова Т.Ж. 

     ҚМП, Тарих жəне өнер факультеті  

                                                                                                      Музыкалық білім, 1-курс 

               Ғылыми жетекшісі аға оқытушы: Дүбірбаева Б.Т 

                   

Абай Құнанбайұлы (1845-1904ж)-  сөз,ой жəне рух алыптарының бірі, оның 

туындылақазақ халқының рухани байлығы мен мақтанышы ретінде қабылданып, бүкіл 

адамзаттың мəдени құндылықтарының қазынасында мəңгілікке ие болды. 

Оның шығармашылық жұмысы көп қырлы ақын,ойшыл, ағартушы, рухани ұстаз жəне 

композитор.Оның əндері осы күнге дейін халықтың санасын оятып, қазақтардырухани 

жетілуге жетелейді. 

Абайдың көркемдік шығармашылығы да жан-жақтылығымен 

ерекшелеленеді.Көптеген зерттеушілердің пікірінше,Абайдың əн шығаруы бір тұтас 

шығармашылық процесс болған дейді, мысалы,өлең əуенмен бір кезде шығарылатын, яғни 

ақындығы мен сазгерлігі бір- бірімен əсер етіп,бір-бірін туғызаттын. Бұның себебі, Абайдың 

тек өз əндерін халыққа таныту мақсатынан емес, сонымен қатар оның ішкі қажеттілігінен, 

оның музыкалық дарындылығынан шығатын. 

Абайдың əн шығармашылығы қазақтың көне халық музыкасының дəстүрімен тығыз 

байланысымен қатар, ерекшелігімен де сипатталады.Абай өз заманында музыкалық ортаны, 

өзгеше бір музыкалық мектептің қалыптасуына əр болыстардан келген дарынды жастар 

болған. 


Абай олардың рухани жетекшісі,ұстазы ретінде,халық музыка өнерінің құпияларын 

ашуға жетелейтін. Сөйтіп кейін домбырашы, қобызшы, сырнайшы, скприпкашылардан 

тұратын өзгеше ансамбльдер құрастырып, олар əндері жеке емес, дуэттен, хормен қосылып 

орындайтын болды. Бұл құбылыс  сол кездегі орындаушылық өнерінде бір жаңалық болған. 

Абай əндерінің халыққа кең таралуы кезінде өзінің балалары мен туған –туыстары да 

салысады əсіресе Мағауиа əкесінің əндерін орындауда дарынды əншілердің бірі болып, сол 

кездегі музыка мəдениетіне  қомақты үлес қосқан композитордың  əндерінің барлығын 

дерлік жатқа білетін Жапар,Уахит,Жұртыбайқызы Ажар т.б. болатын. 

Абай əндерінің осы кезге дейін уақыт талабынан қалмай келуінің бір себебі,Оның 

əндері əсемдікті мадақтайды, жоғары сезімді оятады, адамды қанағаттандырады, оның 

күнделікті өмірден жоғары көтереді.Шығармаларында поэзия мен музыка бір деңгейде, сөз 

бен музыкалық пікірлер тепе – тең болып,бір-біріне қабысып, жымдасып жатады. 

Сөз бен əуеннің өз-ара қарым-қатынасының дəрежесі сөз сөйлеу интонациясымен 

бегіленеді.Ол кейіпкердің белгілі көңіл күйін,эмоциясың қалпын, мінезін білдіреді.Яғни, 

композитордың əндерінде минорлық, жай-орташа,ұстамды,баяу екпін басым болып келеді. 

Абай өз поэзиясын жоғары дəрежеде музыка тілінде қалай жеткізу керектігін сезініп 

түсіне білген. XIX ғасырдағы басқа ақын-композиторлардың əн-күйлеріне қарағанда Абай 

поэтикалық мəтіндерін өзі қозғауға түсіріп, жазып қалдырған. Сондықтан оның əндері 

орындаушыдан-орындаушыға,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқанда сөздері  озгермей, əуендері 

ғана өзгеретін. Осының салдарынан Айбайдың кең танымал əндерінің бірнеше əуендік 

нұсқалары бар.Мысалы, „Айтым сəлем Қаламқас“-3 нұсқасы,“Амал жокқайттым білдірмей“-

3 нұскасы „Сегіз аяқ“-10 нұскасы т.б. 

Қазақстан композиторлары Абай мұрасының рухани құндылығын жоғары бағалап

шығармашылығының сарқылмас бұлаққа айналдырды. 

Абайдың поэзиясына терең бойлап, одан үйреніп, үлгі рухани нəр  алған авторлардың 

бірі –Сыдық  Мұхамаеджанов.Композитордың Абай поэзиясына жазылған  „Қақтаған  ақ 

күмістей кең маңдайлы“,“Ғашықтың тілі-тілсіз тіл“,“Өзгеге көңілім тоярсың“,“Жақ етпес 

қара көңілім не қылсада“ тəрізді əн-романстары болды.Бұл күнде Сыдықтың осы əн 



258 

 

романстары мерекелік сахналарда, өнерпаздар жиындарында жиі орындалып, халық 



музыкасына айналды. 

Сол сияқты Абай поэзиясына күрделі вокалдық циклды шығармалар жазылды. 

Композиторлар одағының  соңғы VII съезінде орындаған Еркеғали Рахмадиевтін монолог- 

романстар циклы  1988ж –Абайдың жеті  өлеңінің бірлестігінен туған құнды, терең ойлы, 

эмоциялық əсері зор туындылар.Олар, “Жақсылығың күнде ұмыт“,“Көңілім қайтты достан 

да, дұшпаннан да“,“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа“, «Қалың елім,қазағым, қайран 

жұртым“,Сіз-қырғауыл, жез қанат“,“Жаз“шығармалары. 

Абай əндері Қазақстан композиторларының опера мен симфонияларында, хорлар мен 

кантаталарында, вокалды аспаптарға  арналған шығармаларында өзінің  жаңа өмірін 

тапты.Көптеген музыкалық шығармалардың арасында Е.Брусиловскийдің “Жалғыз 

қайын“атты симфониялық поэмасын атап өтуге болады. 

Романтикалық көтеріңкі күйге толы “На зов Абая“ атты Еркеғали Рахмадиевтің 

фортопианолық поэмасын жұртшылық сүйіспеншілікпен тыңдайды. Мұнда бейненің 

көрсеткіші ретінде “Айтым сəлем,Қаламқас“ əні алынған. 

Жаңа дəуір белсенде Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиды Абайдың 100 жылдығына 

орай жазған“Абай“ операсы қазақ музыка мəдениетінің шын мəніндегі шыңы  болып  

табылады. Бұл опера Абай əндері кеңінен пайдаланылған. 

Ақын композитордың“Сегіз аяқ“, “Көзімнің қарасы“,“Желсіз түнде жарық ай“, 



“Қараңғы түнде тау қалғып“,“Татьянаның хаты“,“Сұрғылт тұман“ т.б. сияқты əндері 

философиялық ой биігіндегі көркем туынды ғана емес, драмалық мазмұнға толы əн- романс 

жанрының үздік үлгілері болып табылады. 

Абай музыка өнерінде жалғыз болмаған. Оның айналасында əн-күйдің,өлең-жырдың 

қадірін білетін өнерпаз топ болған.Абайдың Петербургта оқыған баласы Əдірахман мен 

ағайындас інісі  Мұқа скрипкада ойнаса,Ақылбай, Əлмағамбет, Əйгерімдер əннің майын  

тамызған.Бұл топ Абайдың əн творчествосының жан ашыр сыншысы да, орындаушысы да, 

насихатшысы да, болған.Сондықтан Абай əн шығаруға өзгеше жауапкершілікпен 

қараған.Біздің заманға Абайдың 40-қа тарта əні жетті.Бұлар ұлыттық музыка мəдениетімізге 

қосылған асыл қазына болумен бірге, профессионалдық қазақ музыкасына едəуір əсер етті. 

А.Жұбанов пен Л.Хамиди Абай əндерін операға пайдаланса,Е.Брусиловскийдің Жалғыз 

қайын,АЖұбановтың Абай аттаы сифониялық поэмалары, С.Шабельскийдің фортепьянолық 

квинтеті Абай əндерінің негізінде туды.Абай өлеңдеріне М.Төлебаев,С.Мұхамеджанов, 

Н.Тілендеиев Н.Меңдіғалиев,Ə.Еспаев,М.Қойшыбаев т.б. композиторлар өздерінің əн-

романстарын жазды. 

Абай қазақтың əн-күй творчествасын ерекше бағалаған.Бірақ əн атаулының бəрін 

қабылдамай, оның да естісі мен есері барын айтып, Құлақтан кіріп бойды алар,Жақсы əн мен 

тəтті күйді ғана ұнатқан. Бүкіл шығыстың, орыстың, қазақтың халықтық əдебиетін терең 

зерттегеніндей,Абай қазақтың халық əн-күйлерін жете білген.Ол – Сөз түзеледі.Тыңдаушы, 

сен де түзел-  деп өзінің терең тебіреністі ойын сыршыл əндерімен де жеткізген дарынды 

халық композиторы. Абайдың əн творчествасы қазақтың халық музыкасының тарихында 

ерекше орын алады. 

Қазақтың реалитік əдебиетін өркендеткен классик Абайдың ерекше болмысы мен 

табиғи дарыны, зор мəдениеті оның композиторлық  қызметінен анық аңғарылады. Оның 

əндері əріден келе жатқан халық əндерін де, өзінен шамалы бұрынғы сахара 

композиторларының əндерін де қайталамайды. Бұл ´´ Оның музыкалық туындылары 

ғасырлық халық əндерінен немесе халық композиторларының  шырқау  шығармаларынан 

асып түсті  шығармаларынан асып тусті´´ деген тұжырым емес. Біз Абай əндерінің дербес 

тұғасын, өзіндік сапасын айтамыз.Абайдың өлеңдері оған дейінгі    ақындарға қаншалықты 

ұқсамаса, оның əндері де оған дейінгі əндерден соншалықты бөлек.Тек поэзияда Абаймен 

бəсекелесетін автор жоқ та, музыкада бар. 

Өз халқының музыкалық байлығын жетік меңгерген Абай сол байлықты құнарлы 

мағынамаен, тың түрмен ұлғайтуды көздейді. Ойшыл санаткер, арманшыл ақын əсершіл, 



259 

 

кейде  толғауы тоқсан қызыл тілге бара-бар көіл сазын, мұнлы өмірдің қуанышын əнмен 



іздейді. 

Абай дəуірінде əн-күй өте-мөте қадірлі, қастерлі болды. Хормен əн шырқау шықты. 

Ат артып, тон тоздырып дегендей өнерлі елден əн-күй үйреніп қайтушылар көбейді.Осындай 

ынталы, ықыласты топтың ішінде өмір сүрген Абайдың композиторлыққа дендеуі заңды еді. 

Абай əндерінің əуенін тек қана негізгі сөзімен орындау керек. Себебі Абайдың əні мен сөзі 

қай жағынан да бір-бірімен тығыз байланысты. 

Абай əндері Қазақстанның əр тарапында, əр түрлі орындаушылардың орындауында 

айтылып жүр .Мектептердегі, жоғарғы оқу орындарындағы жеке  одан да үлкен сахналарда 

Абай əндері жиі шырқалады.Тіпті бетке ұстар əншілерімізде Абай əндерін шетел 

сахналарында əуелетіп,құлақ құрышын қандыра орындап жүр. Қазақстан Республикасы 

бойынша, аудандық облыстықүреспубликалық денгейде Абай əндерінен байқаулар өтіп 

тұрады  


 

                                               Пайдаланған əдебиеттер. 

1.  Бисенова. Г. „Песенное  творчество Абая“ - Алматы, Дайн Пресс,1995 

2.  Ерзакович.Б. „Айтым сəлем қаламқас „ - Алма –Ата, Өнер 1986 

3.  Əуезов.М. „Абай Құнанбаев „ //История каз.муз. -Т2 Алма- Ата, Гос. издат 1979 

4.  Ахметова М. „Əн өнері жəне уақыт“   - Алматы, Өнер,1993  

 

 



ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

                                                                                       Жармағанбетова Д. Ғ. 

                Ы.Алтынсарин ат. Арқалық  

      мемлекеттік педагогикалық  институты 

                                                                                     «Музыкалық  білім»мамандығының 

                                                                                     4 курс студенті 

                                                                                     Жұмабаева Г. Д. оқытушы 

                                  «Музыка жəне бейнелеу өнері»  кафедрасы 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 

тұжырымдамасында мектепте білім берудің мақсаты -  жеке тұлғаның сапалы терең білім 

алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, əрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен 

мүмкіндік беру деп көрсетілген[1]. Эстетикалық тəрбие беру мүмкіндіктері адамның 

эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің 

жиынтығын құрайды.  Эстетикалық тəрбие  дегеніміз  -  балалардың бойында өз өмірін 

сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру жəне еңбекте, 

коғамдық іс-əрекетте адамдармен қатынас жасауда сұлулық идеалдарын   негіздеу. 

Эстетикалық тəрбиенің мақсататы –  балалардың шығармашылық қабілеттерін, əлемді 

сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын   дамыту болып 

табылады. Эстетика бұл (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық 

тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, əсемдік заңдарын арқау еткен 

шығармашылықтың мəнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 

мың жыл бұрын Мысырда,  Вавилонда,  Үндістанда  жəне Қытайда  дүниеге келіп, Ежелгі 

Грекия мен Римде кеңінен дамыған. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың 

орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі 

"айстетикос" сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — 

сезім, сезіммен  қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір əлі күнге дейін 

"анестезия" сөзінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті 



əсемдік деп білген, əсемдіктің бірден-бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал