Наурыз мерекесі. Наурыз халық мейрамы. Наурыз мерекесі – жыл басы, күн мен түннің теңелген күні. Мейрам күні ежелгі дәстүр бойынша тал, ағаш, гүл егеді. Наурыз мейрамында ән айтылады, адамдар әдемі киім киеді, түрлі ұлттық ойындар өткізіледі, көже пісіреді. Көже пісіру жеті тағамға деген сый, кұрмет көрсету. Ол су, сүт, ет, дән, ұн, тұз, майдан жасалады.
Наурыз – көктем мезгілінің, көркі, берекесі ретінде саналады. Біз наурызды асыға күтеміз.
(63сөз)
Тапсырма: екінші сөйлемді аудар.
Қошақан. Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді. Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді. Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман - есен жеткізді.
Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді.
Шопан балаларға алғыс айтты.
(50сөз)
Тапсырма: 1.“Ақ, түс”сөзінің омонимін тап “әлсіз”сөзінің антонимін тап
2”. балаларға” – сөздің сөз құрамына талда.
Көктем. Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойынына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталады. Мен сақаға отырып жер жырт -
тым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Кешке
басқа адамдар келді.
Үй құстары Біздің үйде үй құстары көп. Әжеммен бірге құстарға жем шашып, су беремін.Үйрек, қаз, күркетауықтардың
балапандары да бар.Олар суға жүзгенді жақсы көреді.
(23 сөз)
Тапсырма. 1.құстар сөзіне дыбыстық талдау жаса
2.қи..р, пи..з, қо...н, ц...рк, а...ы, тұ...ы ( әріптерді орнына қойып жаз)
3. Бас әрпі жоқ қай әріптер, жаз.?
Қыс айлары Қыс түсті. Қар қалың түсті.Балалар қар адамын жасады. Аққаланың көзін көмірден, мұрнын сәбізден жасады.Олардың аяздан қолдары тоңса да өздері қуанып жүр.
Киіз үй Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қолайлы баспанасы.Оны тез құрып, тез жинауға болады.Жазда салқын, қыста жылы болады.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.( 27 сөз:
Тапсырма 1.Сөздерді тасымалдау ретімен жаза:
Кереге, шаңырақ, есік,киіз
2.осы сөздерді көрше түрде жаз.
Орманда
Күн жылы. Аспан ашық. Біз орманға шие теруге бардық.Қырмызы мен Жанар терген шиелерін ыдысқа салды.Өздері де жеп әбден тойды.Таза ауада жақсы дем алды.Маржандай тізілген шиелер сондай әдемі. (30сөз)