Диктанттар жинағы. Қоңыр күз



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі21,01 Kb.
#135193
  1   2   3
Байланысты:
Диктанттар жинағы


Диктанттар жинағы.
Қоңыр күз.
Жаздан кейін қоңыр, салқын күз кел де келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі - жиі жауады. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл – көкөніс, жеміс - жидектің піскен кезі. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды. Осындай кезде қыс та келіп қалады. (55 сөз)

Тапсырма. 1. Қосымшаларын табыңдар:
Қараңғылық, мезгілдерінің, көкөністерді.
2. Фонетика талдау: Салқын, піскен.

Біздің сынып.
Біздің сынып таза, кең, жарық. Сыныптың қабырғалары ақ, төбесі биік. Едені сары бояумен боялған. Сыныпта үш үлкен терезе бар. Парталар үш қатар қойылған. Парталардың үстіңде дәптерлер, кітаптар, қарындаштар,
күнделіктер жатыр.
Сыныпта үстел, тақта, орындықтар бар. Орындық үстелдің жананда тұр. Терезеде көк перделер ұсталған. Маған біздің сынып өте ұнайды.(48 сөз)

Тапсырма: мәтіндегі сөздердің түбірін ажыратыңдар.

Менің досым.
Менің ең жақын досым – Асқар. Оның бойы ұзын, шашы бұйра, көзі қара, бет - әлпеті әдемі. Ол – тәртіпті оқушы. Асқар сабақтан кешігуді білмейді.
Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі. Оның Анар есімді қарындасы бар. Асқар қарындасын ойнатады.
Менің досым - адал, сенімді, әзілқой. Мен досымды мақтаныш етемін.(50сөз)

Тапсырма: тәуелдік жалғауды табындар.

Қыс.
Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті - қолымды жуамын, сүртемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Сонан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, үстіме жылы пальто, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.
(51 сөз)

Тапсырма: бастауыштың астын сызыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет