Диктанттар жинағы.4 сынып сынып. Әліппе кезеңі



бет17/21
Дата06.10.2023
өлшемі63,93 Kb.
#113073
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Сөйлем мүшелері.
Көшіру диктанты.
Шабындықта.
Үнемі сол жаз шыға олар шабындыққа шығады. Қос және екі-үш үй тігеді. Биыл да Қайтар әкесіне ілесіп шабындыққа келді. Анасы шөпшілерге арнап тамақ асты. Оған қарындасы көмектеседі. Қоста ішкен тамақ неткен дәмді десейші! Шабындықтың пішені шайқалып, толқып қояды. Иісі мұрын жарады. Кенет аяқ астынан әлдебір нәрсе ұшып тұра келді де, қаша жөнелді.
(50 сөз)
Бақылау диктанты.
Атамекен.
Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1. 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
2. 5-ші сөйлемді сызбалап байланыстырып көрсет.
3. “Табиғат” сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Диктант.
Тәтті тағамдар.
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді. Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағамдар дастарханға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан, сөк, қауындық, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық екен. Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке бір-ақ келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиеді. Бұған ол кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге жүрсе, балмұздақ жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан, сөк, ірімшік, құрт, балмұздақ - тәтті тағамдар.
Тапсырма:
1) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жаз
Сөз мағынасы.
Бақылау диктанты.
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев – қазақтың күйші композиторы, халық сазының алыбы. Құрманғазының бүкіл өмірі мен шығармашылығы әлеуметтік әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күреске арналады. Құрманғазы “Алатау”, “Сарыарқа”, “Адай”, “Ақсақ киік”, “Түрмеден қашқан”, “Балбырауын”, “Кісен ашқан”, “Серпер” тағы басқа көптеген күйлер шығарған. Бұл күйлерінде күйші халықтың арманын, өршіл ойын, қажымас қайрат жігерін, үстемдікке деген ыза-кегін суреттеп берді.
Хамит Ерғалиев “Құрманғазы” атты поэма жазды. М.Кенбаев Құрманғазының портреттік бейнесін жасады. Алматыдағы қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі, консерватория, көше, музыка мектебі Құрманғазы есімімен аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет