Диктанттар жинағы.4 сынып сынып. Әліппе кезеңі


сынып. 1 – сыныпта өткенді қайталау



бет4/21
Дата06.10.2023
өлшемі63,93 Kb.
#113073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
2 сынып.
1 – сыныпта өткенді қайталау.
Түрлі диктанттармен басқа да жазу жұмыстарын жүргізуге арналған үлгілік мәтіндер.
У әрпінің емлесі. Сөдік диктант.
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.
Тапсырмалар:
1) Сөздерді буынға бөліп жаз.
2) Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.
3) Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.
Көшіру диктанты.
Көктем.
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
(Ш.Әлдібеков)
Тапсырма.
У әрпі бар сөздерді тап.
Бақылау диктанты.
Жайлауда.
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық.  (21 сөз)
Диктант.
Күз болды.
Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)
Тапсырма.
Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Ы, І әріптерінің емлесі.
Сөздік диктант.
Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (9 сөз)
Буындық диктант.
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, Ы-рыс-ты.
Аш-ты, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, шаң-ғы, іл-ді.
Көшіру диктанты.
Оқушы боламын.
Мен оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
(Б.Сарыбасова.)
Тапсырмалары.
1) Ы-әріптерінің астын сыз.
2) Ы-дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаз.
Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді.  (21 сөз)
Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз
И әрпінің емлесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет