Екінші, бүгінгі таңда әлем әлемдік дағдарыстың негігі түп төркіні өсімде, пайызда жатқанын біліп мойындай бастады. Әлемде өсімсіз банктер өркен жая бастады. Ал өсімге тиым салған бірде бір Ислам діні. Ал әлемде ислами банктердің ең мықтылары Малазияда мықты дамыған. Сондықтан Нұр-Мүбарак универсиетінде Ислам экономикалық факультет ашылып, Малазиядан ғалымдар тартуы қажет. Сонда универспеттте тек діни мамандан емес, ислами эконмисттер де әзіленедеді.
Үшінші айтар мәселе Дін істер агенттігі. Олар тіркеумен ғана айналыспауы керек. Елдегі түрлі секталардың іс қимылын жіті бағалауы керек. Ал ол үшін олардың штатын көбейтіп, аймағын кеңейту керек. Бір кездері осы агенттік діни комитет болып тұрғанда Алматыда ең алғашқылардың бірі болып жұмыс істеген болатынмын. Сонда санымыз үш адам болатын. Ал діни бірлестіктің сексен пайызы осы Алматыда тіркелген болатын. Сонда үш адам жаяу жүріп қандай іс атқармақ. Сондықтан олардың санына да сапасына, қаржысына да көңіл бөлуі қажет. Атынан ат үрікпесе де мысы басым болуы қажет.
Төртінші осыған қарай Дін істер агенттігі мұсылмандар Діни басқармасымен бірге етене жұмыс атқару қажет. Қала мен ауылда мешіттердің салынуына көп көңіл бөліп жерінің орналасуы мен салынуына мән беру қажет. Мысалы, Алматы қаласын алайық. Ескі Алматы қаласымен салыстырсақ қалада бір-ақ мешіт бар. Ол - орталық Мешіт. Ал Абай мен Фурманов даңғылында Әуезов, Бөгенбай, Қабанбай т. б басқа көшелердің ешбірінде мешіт жоқ. Түнгі барлар секілді түрлі ойын-сауық пен түрлі секталардың ғимараттары бар. Ал мешітке келгенде орын жоқ. Бөгде елден Алматыға келіп аралап көрген жолаушы бұл қала кімнің қаласы деп ойлайды? Ал қаланың ішінде мешттің көп болуы қаладағы діни шиеленістің көп мәселесін шешуге арқау болады.
Бесінші, мемлекет мешіттерге арнайы қорлардан қаржы бөлдіріп, имамдар мен мешіт қызметтеріне айлық бөлуі қажет. Аты аталған заңнан кейін бұл ешбір заңға қайшы емес. Үлкен қалалардағы мешіттерде халықтан садақа түскенмен ауылды жерлерде садақа жоқтың қасы. Үлкен қалалардағы мешіттер де түскен садақасы өзінен артылмайтындықтан ауылдарға көп көмектесе алмайды. Мешіт үлкен болған сайын жылу мен жарығына да көп шығын қажет еттіреді.