Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива



Дата29.03.2023
өлшемі10,32 Kb.
#77379
Байланысты:
Дін феномені мәдени және әлеуметтанулық перспектива-melimde.com


Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива

Дін феномені: мәдени және әлеуметтанулық перспектива


  • «Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды. Ал «діннің» термин ретіндегі мағынасын, Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері.Бұл жерде «діннің» ұлан асыр мағыналық көпқырлылығын барынша синтездеп, негізгі ұғым ретінде ғана келтіріп отырмыз.

  • Қазіргі заманғы дін әлеуметтануының негізін қалаушылар Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер және Георг Зиммель болып саналады.

  • Ағылшын этнографы Дж.Фрезер “Барлық мәдениет ғибадатханадан пайда болған, дін-мәдениет негізі” дейді.

• Дін әлеуметтануы – Дін мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін әлеуметтану саласы. Дін әлеуметтануы діни тәжірибені, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптар мен діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Дін философиясы мен теологиядан айырмашылығы, Дін әлеуметтануы діни нанымдарды бағалауды мақсат етпейді. Қазіргі заманғы Дін әлеуметтануы білімнің үш деңгейінің жиынтығы ретінде ұсынылуы мүмкін: әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық.

Дін - (латынның сөзі religio - тазалық, қасиеттілік, құдайға сенгіштік) құдайдың бар екендігіне негізделген дүниетаным мен тәртіптер жүйесі. Бірте-бірте адамдар арасында адамның жаны оның денесінен бөлек өмір сүреді деген сенім қалыптасты, оны анимизм деп атайды. Кейінірек феодалдық қоғамның нығаюы нәтижесінде аса ірі діни жүйелер-буддизм, христиан және ислам діндері қалыптасты.

Діннің ең алғашқы түрі- фетишизм (француз тілінен fetich- идол, тұмар). Ол жансыз дүниеге табыну нәтижесінде пайда болды. Діннің ең ежелгі түрі- анимизм (латын тілінен anima - жан)-жанның болатынына сендірсе, тотемизм - адамдар мен жануардың туыстығын дәлелдеуге тырысты. Қоғамның одан әрі дамуы ұлттық- халықтық діндерді – политеизмді тудырды. Ұлттық- халықтық діндердің қатарына иудаизмді, индуизмді, синтоизмді, конфуций ілімін жатқызуға болады.

Діни конфессиялар Конфессия (лат. confessio — ғибадат) или дінге сену — белгілі бір діни ілімінің шегіндегі дінге сенушілік ерекшеліктері, сонымен қатар осы дінді ұстанатын ізбасарлардың бірлесуі.

Конфессиялар үлгілері


Христиандық
Православие
Католицизм
Протестанттық
Ислам
Суннизм
Шиизм
Ибадилік

Эмиль Дюркгейм Эмиль Дюркгейм дінді талдауды алғашқылардың бірі болып бастады, 1897 жылы ол католик және протестанттық популяциялар арасындағы суицидті зерттеді, діни рәсімнің негізгі функцияларын сипаттады. Макс Вебердің еңбектері діни сенім мен қоғамның экономикалық негіздері арасындағы байланысты атап өтті, сонымен қатар діни топтар типологиясы мен діни көшбасшылықтың негізін қалады. Макс Вебердің "протестанттық этика және капитализм рухы"атты шығармасы Дін әлеуметтануы саласындағы іргелі болып саналады. Дюркгейм сонымен қатар діннің алғашқы формалары туралы мәселені зерттеді. Дюркгеймнің дін мәселесі "діни өмірдің қарапайым формалары"еңбегінде қарастырылып, пысықталуда. Атап айтқанда, жұмыста діннің функциялары мен әлеуметтік көздері анықталады.

Макс Вебер Неміс философы және әлеуметтанушысы, дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер дін әлем мен адам өмірінің иррационалды тәжірибесінен шығады деп сенді. Дін-бұл әлеуметтік іс-әрекеттің мағынасын беру тәсілі; дін әлемді түсіндіруге және күнделікті мінез-құлыққа ұтымдылық береді. Вебер протестантизмнің Батыс Еуропада капитализмнің дамуын қалай ынталандырғанын зерттеді.


  • Ислам мәдениеті

  • Ислам мәдениеті — зайырлы академиктердің арасында тарихи мұсылман саналатын халықтарға ортақ мәдениетті сипаттауға қолданылатын термин. Бастапқыда Ислам діні тарала басталғанда негізінен араб мәдениетінің әсерінде болып, артынан Ислам дінін басқа халықтардың қабылдауына байланысты сол халықтардың мәдениетіне әсер етіп, солармен ассимиляцияға ұшырайды.

  • Негізінде мұсылман ғалымдары «мәдениет» деген ұғымды қоданбаған және бұл термин батыс философиясының әсерінен пайда болған. Қазіргі кезге шейін «Ислам мәдениеті» деген терминнің белгілі шектеуі мен анықтамасы жоқ. Кейбір ойшылдар бұл терминді «Ислам үмметінің халін бұрын және қазіргі таңда болып жатқан діни, тарихи, тілдік, мәдени қарым-қатынастары арқылы және алға қойған мақсаттары мен құндылықтары арқылы тану», — деп анықтама береді.

Діннің қоғамдағы рөлі Діндер ұлттық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық діндер деп адамдар арасындағы діни байланыс ұлттық немесе этникалық байланыстармен сәйкес келетін діндер түсініледі. Әлемдік діндер дегеніміз-белгілі бір этникалық немесе саяси топқа жатпайтын және әртүрлі континенттерде таралған діндер. Қазіргі уақытта үш әлемдік дін бар: буддизм, христиан және ислам.Сонымен қатар, дін мәдени өмірдің маңызды құрамдас бөлігі және кез-келген әлеуметтік жүйенің элементі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, діннің орны жоқ қоғамдар жоқ, және мұндай діни емес қоғамдарды жасанды түрде құру әрекеттері діннің адам өмірінің терең қажеттіліктеріне жауап екенін дәлелдейді, сондықтан оны өмірден толығымен алып тастауға болмайды.

Назарларыңызға рахмет!



http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет