Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (латын сөзі) «байланыстыру» деген сөз арқылы анықтайды дейді.
Діннің шығуы туралы көзқарастар прамонотеизм дінсіз дәуір көне дәуірде көп діндердің шығуы алдында барлық адамдарда бір ғана дін болған, яғни олардың барлығы бір Құдайға – Жаратушы күшке сенген. адамзатта өте көп уақыт дінсіз дәуірлер болды дейді; яғни адамзаттың шамамен жасын 2 млн.жыл деп алсақ, оның 1 млн. 900 мың жылы дінсіз дәуір болды. Ең ертедегі діни түсінік – өлген адамдардың аруағына табыну. Ол кезде әлі «дербес» құдайлық түсінік болмады. Алғашқы таптық қоғамға дейін құдайлардың мүсіндері тікелей қоршап тұрған табиғаттан алынып отырды. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және анимизм деп аталады. (португ. сөзінен сиқырлы зат) деп әртүрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Фетиштің заттары – табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі,келе келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда ол заттар жәрдем беруі және т.с.с. Фетишизм –
Тотемизм –
өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарлар тамақ болды, киіндірді, көлік болды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды.
Магия –
(грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік), бір объектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әртүрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.
Анимизм (лат. тіл. жан) –
жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал, анимизмде «жан» тәннен дербес өмір cүpе алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Мысалы, түс көру, ауыру, өлім, тағы сондай әсердің және галлюцинациялық елестетудің не екенін білмейді.