Будда дінінің негізгі бағыттары. Тарихи деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін ережелері жасалды. Будда ізбасарлары арасында осы мәселелерде пікір қайшылығы туып, будда дінінің екі бағыты пайда болды. Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады. Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.Бодхи ағашының түбінде ұзақ уақыт шығысқа телміріп отырып алатын болды. Бұл кездері оның ойы әлемде шарлап жүретін еді. "Ақиқат білімге жетпей осы орнымнан тапжылмаймын",-деп серт етті. Осылай ол бодхи ағашының түбінде жеті апта міз бақпай отырды. Серіктері бұл ағашты бодхинанда, немесе "даналық тағы" деп атап кетті.
Будда діні Қытайда б.з. 1-3 ғасырларында тарала бастады. Махаянаның жергілікті нанымдармен синтезі нәтижесінде 6 ғасырда чань-буддизм ілімі пайда болды. Оның уағызшысы үнділік Бодхидхарма деген адам еді. Кейіннен ол дзен-буддизм атауымен ("чань" және "дзен" сөздері бір ұғымды береді) Жапонияда таралды. Будда дінінің бұл мектебінде жекпе-жек сайысына, ауыр дене күшін қажет ететін арнайы жаттығулар ерекше мән беріледі. Қытай буддизмі толып жатқан бағыттарға бөлінеді. 6-ғасырдан 10-ғасырға дейін будда діні Қытайда мемлекеттік дін болып келіп, одан кейінгі кездері оны конфуцийлік біртіндеп ығыстыра бастады.
3 .Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін.
Православиелік монахтар
Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан.Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
– Христиан дінінің пайда болуы | Өзін Құдайдың ұлы атаған Адам – Иисус Христоспен тікелей байланысты. Оның жанына шәкірттерін топтастыруы, шіркеудің ашылуы – христиан дінінің бастауы саналады. Иисус Христосты шәкірттері және барлық христиандықтар «Господь», яғни «әмірші», «билеуші» дейді.– Христиан діні өзге діндерден несімен ерекшеленеді?– Авраамикалық діндер – ислам мен иудаизм сияқты христиан діні де жалғыз Құдайға сенеді. Бірақ христиандықтар сенетін Құдайдың болмысы жалғыз болғанымен, сипаты үшеу. Бұл – адамның ақыл-ойы жетпейтін құпия. Жалғыз Құдай, бірақ ол үш сипатқа ие. Олар – Әке Құдай, Ұл Құдай және Киелі Рух. Бұл Үштік өзара тең, әрі мәңгі бірге. Ал енді, екінші ерекшелікке келер болсақ, ол – Құдайдың адам кейпіне енуі туралы ілім. Адамдарды күнә мен өлімнен құтқару үшін Ол 2000 жыл бұрын кішкентай қалашық – Вифлеемде өмірге келді. Дүниеге әкелген – Дева Мария. 30 жасында Иисус Христос халық арасына уағыз айтуға шықты. Құдайды тануға, адамдарды күнәдан ада болуға шақырды. Үш жарым жылдан кейін еврей халқының діндарлары мен Рим билігі қудалап, оны айқышқа шегеледі. Иисус Христос, әрине, бұл азап пен өлімнен құтылып кете алар еді, бірақ ол халқын құтқару үшін өз еркімен бұған көнді. Өлгеннен кейін үш күн өткенде Христос өлім мен тозақ патшалығын жеңіп, қайта тірілді. Ал 40 күннен кейін аспанға көтерілді. Ақырзаман болғанда Иисус Христос қайта жерге түсіп, тірілер мен өлілерге әділ сот жүргізеді, мейірім мен сүйіспеншіліктен тұратын патшалық құрады. Ал бұл патшалық мәңгі өмір сүретін болады.