Дін философиясы


Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлері



бет5/9
Дата13.02.2023
өлшемі36,28 Kb.
#67381
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шіркеу мен мемлекет байланысының түрлері. Мемлекет пен шіркеу арасындағы байланыс әрбір қоғамда өзгеше. Ол теократия, мемлекеттік шіркеу түрлерінде болуы мүмкін.
Теократия (грек. theos құдай, cratos билік) 1) барлық адамзаттың үстінен Құдайдың билігі; 2) мемлекеттік басқару түрі, онда билікті шіркеу басшысы жүргізеді. Теократияда екінші мағынада мемлекеттік билік және басқарушы дін бөлінбейтін бірлікте (Көне Египеттегі абыздық билік, араб халифаттары, Рим папасының билігі т.б.). Мемлекеттік шіркеу жоғарғы билікке бағынады, материалды және рухани тұрғыда мемлекетпен қолданады. (Византиядағы православие шіркеуі, патшалық Ресей, Ұлыбританиядағы ағылшын шіркеуі және т.б). Жоғарғы (светское) мемлекетте ар-ұждан бостандығы принципі бар: азамат әрбір дінді және атеизмді қолдауына құқы бар; шіркеу автономды, ме,млекеттен бөлек, ал мемлекет оның жұмыстарына араласпайды.(АҚШ, қазіргі Қазақстан және т.б.). 20 ғасырда социалистік елдерде мемлекеттік атеизм болған, азаматтарға атеистік сенім негізделген.
Идеология және дін.
Идеология — әлеуметтік немесе саяси ілімнің түрі, онда практикалық элементтер теориялық сияқты қажетті болған. Бұл дүниені түсіндіріп қана қоймай және де шындыққа деген адамдардың қатынасын түсіндіретін, дүниені өзгертетін идеялар (құқықтық, саяси, діни, философиялық т.б.) жүйесі. Идеологияны идеялар жүйесі деп қана анықтамай, сол және басқа мәдениетке өмірлік қажеттігін анықтайтын идеалдар жүйесі деп анықтауға болады.Идеология және дін ақиқат және жүріс-тұрыс мәселесіне қатынасында тоталитарлы. Сонымен бірге шындықтың діни сипаттамасы құдайылық дүниені суреттейді, және идеологиядан айырмашылығы осы дүниеге көңіл аударады. Дін әділетті қоғам идеясын қалыптастырады, бірақ өз бетімен саяси практикалық бағдарламаны өз бетінше жасай алмайды. Дінде сенім мен құдайға құлшылық ету бірінші орында. Ол индивидтің жанына құтқару мақсатында бағытталған, ал идеология үлкен әлеуметтік топтарға бағытталады. Діндердің бастамасында пайғамбарлар тұрады, ал идеология рационалды тұжырымдарға сүйенеді.
Нақты идеологиялық элементтер тек кейбір қазіргі кездегі діни қозғалыстарға тән.
Сакральдік. Сакральділік ұғымы
Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.
Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет