Дін философиясы


Сакрализация діннің ерекше функциясы



бет6/9
Дата13.02.2023
өлшемі36,28 Kb.
#67381
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ijí ôèëîñîôèÿñû

Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді.
Эзотеризм. Сакральдік құпиялылықпен қатар қойылған.Бұ тұрғыда ол эзотеризм ұғымымен ашылады, ол әрбіреулерге берілмейді, ол нақты емес, жасырын, анық емес. Көне Грек философиясында эзотериялық ілім ретінде ұстаздың айтқандары оның ерекше ізбасарларына берілуі. Мысалы, Платон арқылы александрлық жаңа пифагоршылдарға жеткен пифагорлық ақиқат, олар өздерінің мақсаты ретінде ізбасардың рухы мен жанын зерделенбеген даналықпен толықтыру.
Әрбір діни ілімде эзотериялық және экзотериялық жақтары бар. Сонымен қатар эзотеризм діни сипатта болуы міндетті емес. Эзотеризм рухтың мынадай қабілеттерімен сенім, намыс, мистикалық түсінумен болмыстың мәндерін тануда пара-пар.
Мистицизм. Мистика (грек. mystikos құпия, жабық), мистерия и мист ұғымдары адамның қасиетті және жасырынға жетуді суреттейді. Мистицзм трансцендентті шындықты білу мүмкіндігін негіздейтін діни-философиялық концепция. Сонымен бірге мистикалық когнитивті жағдайларда әр түрмен анықтауға болатын сананың объектісі болмайды. Болмысты мистикалық тұрғыда түсіну дүниені эйдостар, идея, идеалдар, сенсорлы қабылдаулар, ұғымдар, символдар немесе модельдер арқылы түсінуге қарама-қарсы. Тар мағынада мистикалық деп құдаймен үнемі қатынас тәжірибесін түсіндіреді, адамның Абсолютпен нақты кездесудегі экстазды басынан өткізу.
Мәдениет негізіндегі діни идеалдар
Ұлттық және әлемдік мәдениеттерді терең ұғыну оның діни негіздеріне бас қоюынан басталады. Әрбір халықтың немесе халықаралық қатынастарды рухани субстанцияны түсіну және сезіну үшін олардың материалдық өмір сүруін ғана зерттеу жеткіліксіз, олардың дінінің мәнін түсіну қажетті болып табылады. Егер біз индуизм мен шинтоизмді білмесек, Үнді және Жапон мәдениеттерін түсіне алмаймыз. Мәдениеттің құпиясы оның тудыратын дінінде. Мәдениеттің мәнін және мәдениеттегі діннің орнын қарастырамыз.
Мәдениеттегі діннің орнының үш моделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет