1.2 Ғылыми мәтіндер
Мәтіндер тілді меңгертуде маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Мәтіндерді қолданысқа түсуіне қарай ғылыми, ғылыми- көпшілік, көркем-әдеби, газеттік (көркемсөз) мәтіндер деп бөліп қарастыруға болады. Ғылыми-көпшілік мәтіндер арнайы мамандығы жоқ оқырмандарды ғылымның жетістіктерімен жеткілікті түрде хабардар етсе, газеттік мәтіндер (ақпарат, репортаж,
комментарий, корреспонденция) саяси идеялық ақпараттарды жеткізеді. Ғылыми мәтіндер белгілі бір заттың, деректің, құбылыстың заңдылығын суреттейді. Ғылыми мәтіндерге мақала, очерк, реферат, рецензия, аңдатпа, жоспар, тезис, сын-пікір, ғылыми хабарларды т.б.
жатқызуға болады.
Ғылыми мәтінніңбасқа мәтіндерден айырмашылығы: оныңқұрылымы, ұйымдастырылуы ерекше бір үндесуге, бірізділікке бағытталады. Тілді тиянақты білу мен меңгеруде ғылыми мәтінді игерудің жолдары көп. Ол сөйлесім әрекеті, соның ішінде оқылым арқылы, оқылымға қатысты амалдар арқылы тиімді іске асады. Нақты бір ақпараттан хабардар болу үшін грамматикалық және лексикалық қорды игеру жеткіліксіз. Ол үшін ғылыми мәтіннің ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оның ең маңызды, басты бөліктерін айқындай білу керек, сондықтан оқылған мәтіннен белгілі бір ақпаратты алу үшін оны түсініп оқудың маңызы зор.
Ғылыми стиль жанрларын оқудың түрлері:
Ізденімдік оқу - ізденушінің өзін қызықтыратын хабарды, деректі, сілтемені мәтіннен іздеп тауып, пайдалана білуі. Кез келген ғылыми шығарманың кіріспесі және қорытындысы болатыны белгілі, сондықган ізденімдікоқудымеңгеруғылымимәтінніңкомпозициялықерекшеліктеріне байланысты.
Танымдық оқу - кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. оқу. Ерекшелігі: арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат бола бермейді. Ақпаратты зерттеуден гөрі жалпы әмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
Зерделік оқуда ізденуші берілген мәтінді не материалды басынан аяғына дейін түсініп оқуы керек. Зерделік оқу барысын екі кезеңге бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |