Пәннің мақсаты: гуманитарлықтанымтехникасы меноныңжекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту.
Пәннің міндеттері:
академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіндердіңтілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу);
студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен арттыру;
ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру;
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Пәнді игеру нәтижесінде студенттер:
ғылыми-кәсіби мәтіндердің құрылымы мен пішімін, аңдатпаның, конспектінің, рефераттың, дербес ғылыми шығарманың мәтінін білуі керек.
кәсіби бағдарланған қатысым салаларында қазақ/орыс тілдеріндегі ғылыми-кәсіби сипаттағы мәтіндерді оқып, түсініп және талқылай алуы;
өзіжазғанғылымизерттеуініңнәтижелерінауызшажәнежазбаша (эссе) сауатты түрде таныстыра алуы;
ғылыми мәтін (аңдатпа, абстракт, түйіндеме, пікір, ғылыми мақала) жаза алуы;
гуманитарлық ғылымдар саласындағы кәсіби қызметтің ерекшеліктерін түсінуі;
гуманитарлық ғылымдар әдіснамасы туралы жалпы түсінігінің болуы;
кәсіби оқылым мен академиялық жазылым дағдыларын қалыптастыруы;
ауызша таныстыру ережелерін меңгеруі;
кәсіби ақпарат алу мақсатында берілген тақырып бойынша арнаулы әдебиеттерді оқуы қажет.