Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағалануы



бет118/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағалануы.

Зерттеушінің материалды логикалық жақтан жүйелі беруі, зерттеу әдістемесі мен алынған нәтижелері, ғылыми әдебиеттерді талдауы тұрғысынан диссертация аяқталған, біртұтас, дербесғылыми еңбек болып табылады.





  1. Ізденушінің алған нәтижелерінің тиісті өзекті мәселені, теория-лық немесе қолданбалы міндетті шешуге бағытталғандығы.

Диссертант ұсынған ғылыми талдаулар мен түйіндер тіл білімінің лексика-фразеология, стилистика, тіл мәдениеті салалары бойынша теориялық мәселелерді шешудің ғылыми негізі бола алады деп білеміз. Ізденуші тарапынан жасалған ғылыми тұжырымдарды когнитивтік лингвистика, прагмалингвистика, мәтін лингвистикасы, этнолингвистикаға қосылған үлес деп тануға болады. Сондай-ақ қолданбалы мақсаттарды да жақсы өтейтіндігі дау тудырмайды. Жұмыс нәтижелері тіл білімі бойынша оқытылатын дәрістерді, лингвомәдениеттану, психолингвистика, этнопсихология сияқты арнаулы курстарды жүргізуде септігін тигізері сөзсіз.





    • Диссертацияның негізгі қағидасының нәтижесінің, тұжырымда-ры мен қорытындыларыныңжариялануыныңжеткілікті толықтығы-на растама.

Диссертацияда кәтерілген мәселелер республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық 7 конференцияда талқыланып, диссертация мазмұнын ғылыми жақтан ашатын әртүрлі жинақтарда 5 мақала жарияланған.





      • Авторефераттың диссертация мазмұнына сәйкестігі.

Автореферат диссертацияның құрылысына толық сәйкес, мазмұны


дәлелді тұжырымдалған.





  1. Диссертация мазмұнындағы және ресімделуіндегі кемшіліктер.

М.С.Баймаханованың зерттеу еңбегінің теориялық және практикалық


жақтарына жоғары баға бере келіп, кейбір кемшіліктерін атап, мынадай талап-тілектер айтқымыз келеді:



176




  1. Диссертант жоғарыда атап өткеніміздей, екінші тараудың 2.1 тармағында Абай мен Шәкәрім шығармаларына тән ортақ танымдық арналарға негіз болған концептілердің жүйесін 1) жеке тұлғаның өмірді қабылдау сезім-түйсіктеріне орай метафизикалық, эмоционалды концептілер жүйесі; 2) қарама-қарсының бірлігі арқылы танылатын контрасты концептілер жүйесі; 3) рухани құндылықтар концептісі деген үш топқа бөліп қарастырады. (61-6.) Әрі қарайғы тармақтарда өмір/өлім, тағдыр, иман, махаббат концептілерінің тілдік-танымдық көріністерін сипаттайды. Осы аталған концептілерді жоғарыдағы үшке бөлген концептілер жүйесінің қайсысына қатысты екендігін атап, бөліп, жіктеп көрсетсе, аталған бөлініс кілт үзіліп қалмай, толық ашылар еді.

  2. Диссертацияның өн бойында талданған концептілер жүйесін жұмыстың соңына қосымша ретінде бергенде, оқырманға тезаурустық сипатта құрылған концептілерді жүйелеп түсінуге де жеңілірек болар еді, әрі жұмыстың салмағы бұдан да арта түсер еді.



1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет