Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет47/131
Дата03.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#133533
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

4.3 Абстракт


Абстракт қалай жазылады?

Егер сізге ғылыми мақалаға немесе баяндамаға абстракт (аудармасы - «аңдатпа», түйіндеме, реферат») жазу керек болса, абыржымаңыз. Сіздің абстрактіңіз -


бұл өзге біреулер шолу ретінде пайдалануы мүмкін жұмыстың немесе мақаланың қысқаша мазмұны. Ол сіздің оқырманыңызға мақала не туралы екенін түсінуге көмектеседі және оның көмегімен адамдар нақты жұмысты таба алады, әрі өздерінің белгілі бір мақсаттарына жету үшін оның көмегі бола ма, болмай ма, соны шешеді. Егер де абстрактіге өзіңіздің жазған жұмысыңыздың жай мазмұны деп қарасаңыз, онда ол өте жеңіл орындалады.





  • Ең алдымен, мақаланың өзін жазыңыз. Абстракт жұмыстың басында болғандығына қарамастан, ол мақаланың түйіндемесі қызметін орындайды. Бұл сіздіңтақырыпқа кіріспе емес, мақалада нежазғаныңызға шолу жасау.

Кіріспе мен абстракт - бұл мүлде екі бөлек нәрселер. Мақаладағы кіріспе негізгі идеяны немесе мәселені таныстырса, абстракт, әдістер мен



74


нәтижелерді қоса ала отырып, мақаланы тұтас қарастыру үшін қызмет етеді.

Егер сіз өзіңіздің мақалаңыздың не туралы болатынын білемін деп болжасаңыз да, рефераттауды әрқашан соңына қалдырыңыз.





  • Абстрактжазуға арналған барлықталаптарды қараптүсініңіз.

Сізге жазған жұмысыңызға абстракт жазу тапсырмасы берілді. Сіз


абстракт жазуға қойылатын талаптардан ауытқымауға тырысыңыз. Абстракт жазуға кіріспес бұрын берілген ережелер мен ұсынымдарға көңіл аударыңыз. Ескеруге міндетті маңызды нәрселерді анықтап алыңыз:


Абстрактінің кәлемі қандай болуы керек?

Стильге қойылатын қандай да бір талаптар бар ма?


Сіз оқытушыға немесе жарияланым үшін жазып отырсыз ба? Мақсатты аудиторияны ескеріңіз. Сіздің абстрактіні сол саланың өзге


де ғалым мамандары оқитын болады. Сонымен қатар басқа саланың да кез келген маман оқырманына түсінікті болуы керек.




1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет