СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1-СЕМЙНАР. Пайдаланылатын әдебиеттермен жұмыс
Студенттер мына сұрақтарға жауап берулері керек:
Библиография дегеніміз не? (пайдаланылатын дереккөздердің тізімі, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі, библиография).
Сілтеме беру мен дәйексөздерді қолдануды ресімдеу ережелері.
Библиографиялық аппаратты ресімдеу ережесі.
Курс жұмысында қолданылатын әдебиеттер тізімін іріктеу және әдебиеттерді ресімдеу ережелерін таныстыру (20-25 дерекккөз).
2- СЕМИНАР. Ғылыми зерттеулер (жобалар) тақырк
таңдау Студенттер мына сұрақтарға жауап берулері керек:
1 .Тақырыптың өзектілігі дегеніміз не?
Жұмыстың ғылыми жаңалығы дегеніміз не?
Ғылыми жұмыстың практикалық мәні дегеніміз не?
Ғылыми жорамал дегеніміз не?
Үсынылған мақаладағы мақаланың компоненттерінің (өзектілігі, практикалық мәні) мазмұнын ашатын мәтін бөліктерін бөліп көрсету.
3- СЕМИНАР. Ғылыми зерттеулер әдістемесі
Студенттер мына сұрақтарға жауап берулері керек:
1. Ғылыми әдіс дегеніміз не?
Жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер: сипаттау, салыстыру (салғастыру), жіктеу, талдау және жинақтау.
Жиі қолданылатын әдістер: статистикалық, эксперимент, әлеуметтік сауал жүргізу (әлеуметтану, математика, психология).
«Студентке ғылыммен айналысудың қажеттілігі бар ма?» тақырыбында студенттер арасында сауалнама жүргізулері қажет. Алынған жауаптарды жүйелеп жіктеулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |