Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет31/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

3.6 Жазбаша жұмысты ресімдеу
Сонымен зерттеу жұмысыңызды жазып бітірдіңіз, енді оны жетекшіңізге, рецензентке, ғылыми журналға т.б. беруіңіз қажет. Жұмысыңызды соңғы рет қарап шығыңыз. Мазмұндық, ғылыми тұрғыдан өте сәтті орындалған жұмыстың ресімделуінен қателіктер аңғарылса, жалпы еңбектің-сапасын, оған деген оқырманның көзқарасын төмендетеді. Ғылыми, жазбаша жұмысты (мақаланы, эссені, ғылыми жобаны т.б.) ресімдеудің қабылданған

ережелері болады. Бұл ережелер журналдың, оқу орнының, қандай да бір мемлекеттің Ғылыми кеңесінде ресми бекітіледі. Ғылыми жұмысты дайындаудың қалыптасқан канондық нормалары жоқ. Әр оқу орнына,



47


әр курсқа, әр оқытушыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Біз ортақ ережелер мен неғұрлым оңтайлы әдістерді ұсынғымыз келеді.
Кез келген ғылыми жұмыс төрт міндетті бөліктен құралады, олар:



  • титулдықбет;




  • мазмұн;




  • негізгі мәтін;




  • библиография.

Кейде бұларға аңдатпа, материалдың сипатына қарай түрлі қосымшалар берілуі мүмкін.




Титулдық бет

Титулдық бетте жазбаша жұмыс туралы қажетті ақпараттың бәрі болуы тиіс және мүмкіндігінше оқырманның назарын аударатындай болғаны дұрыс. Мысалы, зерттеу мақала, курстық, дипломдық жұмыс, ғылыми жоба болса, титулдық бетте жұмыстың атауы, автор(-лар)дың аты-жөні, автор туралы қысқаша анықтама (ғылыми дәрежесі, атағы, басты жұмыс орны немесе жұмыс орындалған ұйым) беріледі. Қазіргі заманғы жұмыстарда автордың электрондық мекенжайы көрсетіледі.


Жұмыстың басында оның мазмұны (жоспары) беріледі. Ешбір оқырман қолына түскен жұмысты бас салып оқуға кіріспейді, жұрттың барлығы алдымен еңбектің мазмұнымен танысады. Жұмыстың мазмұны (жоспары) оған қатысты бастапқы пікірді қалыптастыратын болғандықган, құрылымы дұрыс мазмұн берілгені жөн.


48






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет