Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет34/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

3.8 Жарияланым деп нені танимыз?

Ғылыми зерттеулер саласында жазу түріндегі барлық мәтін жарияланым деп есептелмейді. Мәтіндерді шартты түрде жарияланым, жартылай жарияланым және жарияланым емес деп бөлуге болады. Мәтіндерді бұлайша бөлу оларды тасымалдаушылардың сипатына (қағаз немесе электронды) емес, белгілі талаптардың


сақталу, сақталмауымен байланысты. Бұл талаптарға мыналар жатады:





  • мәтінді құру мен ресімдеудің академиялық стандарттарының сақталуы;




  • кәсіби қауымдастықтың мәтін мәртебесін растауы;




  • дереккөздің тұрақтылығы;




  • мәтін мазмұныныңтұрақтылығы;




  • мәтіннің қолжетімділігі.

51


Мәтінді құру мен ресімдеу стандарттарының сақталуы-жарияланым деп аталатын барлық мәтінге (қағаз түріндегі болсын, электронды нұсқа I
болсын) қойылатын біріншіталап, бұл талаптар (тақырып таңдау, жоспар құру, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер жазу, аргумент, тезис келтіру, дереккөзбен жұмыс т.б.) туралы жоғарыда айтылды. Бұл тұрғыдан алғанда, зерттеу жұмысында, мысалы, газет мақалаларына (зерттеу мақала болмаса) сілтеме жасамауға тырысу керек, себебі газеттік жарияланымдарда бұл стандарттар сақтала бермейді.

Мәтіннің айтылған стандарттарға сәйкестігіне қалай көз жеткізуге болады? Осы жерде екінші талап алға шығады: мәтін мәртебесін кәсіби қауымдастық растауы тиіс, яғни автордан басқа мамандар ұсынылып отырған мәтін үшін жауапкершілік алуы қажет. Бұл мамандар қатарына жауапты редакторлар, кәсіби (баспа) редакторлар мен корректорлар, рецензенттер жатады. Жауапты редактор (Интернет сайттың бас редакторы, сайт иесі) мәтіннің жалпы кәсіби сапасына кепілдік береді. Кәсіби редакторпар мен корректорлар мәтіннің ресімделуін, орфографиясы мен пунктуациясының сақталуын қадағалайды. Қолжазбаның немесе таратылған басылымның рецензенттері мәтінге сараптама жасап, оның мәртебесін растайды. Қалай болғанда да, сізді қызықтырып отырған мәтінді сайтқа орналастыру үшін жауапкершілік алған адамдардың бар екеніне, аты-жөніне назар аудару қажет. Сіз сайтқа жауаптылардың кәсіби мамандардың сеніміне ие екеніне көз жеткізгеніңіз дұрыс. Бұл, әрине, белгілі дайындықты талап етеді.


Жарияланымның үшінші маңызды сипаты - дереккөздіңтұрақтылығы, яғни оқырман кез келген уақытта көрсетілген мәтінді қиындықсыз тауып алу мүмкіндігі. Қағаз түріндегі жарияланым жағдайында жетекші көпшілік кітапханалар, сондай-ақ шығатын барлық басылымдардың бақылау данасын сақтап отыратын мекемелер мұндай мүмкіндікті қамтамасыз ете алады. Бұл талап, әсіресе, электронды мәтіндер үшін өте маңызды. Сізді қызықтырған дереккөз ғаламтор парақшасында бүгін бар, ал ертең жоғалып кетсе, оны жарияланым деп санауға күмән туады. Бұл парақша бір айдан немесе жарты жылдан соң сақталатынын, не сақталмайтынын білмеймін деуіңіз мүмкін. Олай болса, дереккөз авторларының жоспарпары белгісіз, сондықтан электронды мәтін де сенімсіз. Электронды мәтін дәл сіз жүктеп алған уақытта ғана емес, бір, екі, бес жыл өткен соң да сіз көрсеткен электронды мекенжайдан табылуы тиіс. Осы ретте ғаламтор желісінен жүктеп алған материалыңыздың алынған күнін және сайттың жаңартылған күнін көрсетіп қойған дұрыс. Мысалы, Попова О.В. Анализ неконвенционального поведения в кризисном обществе // уууууу.зос. ри.ш/риЫісайоп5/сопГ97-І/аі124.һітІ. Сайттың соңғы жаңартылған күні - 12.11.2011. Ақпарат алынған күн -15.04.2014.



52


Мазмұн тұрақтылығы деп аталатын келесі талап та мәтінді электронды түрде орналастырумен байланысты. Кітапта немесе журналда жарияланған мәтінді қайта жазу мүмкін емес, ол тек қайта шығарылуы мүмкін. Бұл жағдайда оның библиографиялық сипаттамасы, кейде атауы басқаша болады. Ал ғаламтор мәтіні шексіз сипатта, оны жалғастырып, өзгертітт жаза беруге болады, сондықтан ол интербелсенді шығармашылық өнімі болып саналады, сол себепті бұндай мәтінді жарияланым деп санауға келмейді.


Соңғы талап мәтіннің қолжетімділігімен байлаЯьгстьт. Бұл таггап-мәтінді тасымалдаушының түрі қандай (қағаз, электронды) екендігіне байланысты емес. Қолжетімділік мына белгілерге сәйкес шектелуі мүмкін:



  • қызметтік құпия;




  • коммерциялық пайда іздеу;




  • техникалық және ақпараттық шектеулер.

Қағаз немесе электронды түрдегі мәтін мемлекеттік немесе корпоративтік құпияны сақтаумен байланысты мамандар мен көпшілік үшін жабық болуы мүмкін.


Дереккөзге жету жолында экономикалық кедергілер тұруы мүмкін. Егер мәтін коммерциялық сайтта орналастырылған және сізден тіркелуден бөлек банк карточкасының нөмірін сұрайтын болса, бұл оны жарияланым тізімнен алып тастауға негіз бола қоймас, себебі журнал ақылы болуы мүмкін, дегенмен мәтін бағасы қалың көпшілік үшін жоғары болса, мұндай мәтіндер ішкі құжаттар ретінде саналуы мүмкін.




Келесі жағдай мынадай: мәтін ешқандай да жасырын емес, бірақ таралу мүмкіндігі жағынан шектеулі. Егер сайтты ашу мен ондағы мәтінді жүктеп алу техникалық тұрғыдан қиын болса, бұл мәтіннің жарияланым саналу мүмкіндігі күмәнді болады. Осы айтылғандар таралу аумағы өте тар басылымдарға да қатысты. Мысалы, кей жұмыстарда аудандық, шағын қалалық деңгейде өткен дөңгелек үстелдер, конференциялар жинағында жарияланған көлемІ 0,1 баспа табақ материалдарға сілтеме жасалады. БұЛ^жинақтьің таралу аумағы аз болғандықган, ол жинақтың өзін табу да қиындық тудырады.

Сонымен тағы да қайталап айтамыз, аталған талаптар сақталған


жағдайда қағаз немесе электронды түрдегі мәтіндер арасындағы


айырмашылық азаяды. Қазіргі кезде барлық көрсеткіштері бойынша


жарияланым деп саналатын электронды мәтіндер саны көбейіп келеді.


Жарияланым мәртебесіне сай келмейтін қағазға басылған материалдар


да көп. Осы ретте жұмысыңызда пайдаланьтғая^тиетнчд^
сілтеме жасай алатындығыңыз және сілтеме жасауға міндетті екендігіңізге

байланысты дереккөздерді іріктөу ісіне үлкен жауапкершілікпен қараған


дұрыс.


53






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет