Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


Библиографиялық тізімге нені енгізу қажет?



бет38/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

3.11 Библиографиялық тізімге нені енгізу қажет?


Библиографиялық тізім - мәтіннің маңызды бөлігі, осы

тізім бойынша зерттеуге баға беру басталады. Қарастырылып отырған мәселе бойынша сізге дейінгі зерттеулер міндетті турде көрсетілуі тиіс.


Кейбір зерттеушілер библиографиялық тізімге осы тақырып бойынша оқыған әдебиетінің барлығын кіргізуге тырысады. Бұл, бір жағынан жақсы, екінші жағынан жаман. Жақсысы -


сіздің осы тақырып бойынша зерттеулермен таныс екеніңізді көрсетеді, жаманы - сіз көрсеткен дереккөздің барлығы нақты осы мәселеге тікелей қатысы болмауы мүмкін. Сол себептен библиографиялық тізімге зерттеу кезінде нақты қолданылған әдеби, ғылыми, статистикалық және басқа да дереккөздер енгізілгені дұрыс. Қажет деп санасаңыз, жұмысыңызда нақты қолданылмаған, дәйексөз келтірілмеген, бірақ сіздің қандай да бір идеялық ұстанымдарыңызды көрсететін дереккөздерді беруіңізге болады.




3.12 Жұмысты ауызша таныстыру ережелері

Академиялық ортада зерттеу жұмысын жазу кезінде де, оны ауызша таныстыру кезінде де мәтін мазмұны көпше түрде, бірінші жақтан (б/з деп) беріледі. Сонымен зерттеу жүргіздіңіз, мәліметтер жинадыңыз, оларды талдадыңыз, қорытынды мәтінді жазып шықтыңыз. Енді оны аудитория алдында қорғауыңыз керек.


Аудитория алдында жоба қорғаудың бекітілген ережесі жоқ, дегенмен көпшілік алдында сөйлеудің белгілі бір элементтері сақталуы тиіс. Бірінші элемент - аудиториямен алғашқы байланысты орнату. Бұған тоқталмаймыз, себебі көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар жеткілікті, олармен өз бетіңізше танысып алуға болады.


Аудиториямен алғашқы байланыс орнатуды зерттеу мәселесімен таныстырудан бастаған дұрыс. Бұдан соң өз зерттеу бағдарпамаңыздың басты көрсеткіштерін (зерттеудің мақсат, міндеттерін, зерттеудің шегін, басты болжамдарыңызды, зерттеу әдістеріңізді т.б.), яғни жұмысыңыздың кіріспе бөлімін құрайтын мәліметтермен таныстыру керек. Кейін басты



58


тезисіңізді ұсынып, оны дәлелдеуді бастайсыз. Дәлелдеріңізді талданған мәліметтермен дәйектеуді ұмытпаңыз. Өз тұжырымдарыңыз бен ұстанымдарыңызға баға беруді естен шығармаңыз. Жалпы алғанда, ауызша сөйлеу кезінде аудиторияға әсер етудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жазбаша мәтініңізді айтып бересіз. Аз уақыттың ішінде жинақтаған мәліметтеріңіз бен алған нәтижелеріңізді толық жеткізу қиын екендігі белгілі. Сондықтан негізгілерін таңдап алып, ұзақ кіріспе сөзсіз, бірден баяндауға кіріскен жөн, әсіресе, мәліметтерді жинау әдістері мен сол мәліметтерді талдау нәтижелерін ұсыну міндетті. Сөйлейтін сөзіңіз аудитория үшін түсінікті, қысқа, нақуы және аяқуалған болуы тиіс.

Қорғау кезіндегі басты мәселелердің бірі - регламентті сақтау,


сондықтан уақытты алдын ала есептеп алып, сөйлеу кезінде бақылауда ұстап отырған дұрыс. Ғылыми іс-шараның маңыздылығы артқан сайын, регламент те қатаң бақыланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет