Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет51/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

Абстракт жазуға 6 қадам



  • Зерттеліп отырған ғылыми мәселені көрсетіңіз, ол мәселенің неге өзекті екендігін айтыңыз.




  • Жұмысты құраушы негізгі компоненттер мен олардыңсипаттамасын көрсетіңіз. Бұл ғылым саласына байланысты зерттеу материалы, экспериментке қатысушылар болуы мүмкін.




  • Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.




  • Атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаңыз.




  • Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз.




  • Негізгі қол жеткізілген нәтижені, зерттеу нәтижелері нені растайтындығын көрсетіңіз.



Тексеруді ұмытпаңыз. Абстракт - бұл жазба жұмысының бір түрі,

сондықтан тапсырудың алдында тексеруді қажет етеді. Дұрыс жазу мен қатенің жоқ екеніне көз жеткізіңіз, форматтың дұрыстығын тексеріңіз.




Абстракт жазу үлгісі
АБСТРАКТ

Заман ағымына қарай адам баласы үшін білім алу мен білімін жан-жақты жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мемлекеттер - арасын нығайту мен билингвал тұлғаны қалыптастыру мақсатында көптілділік Қазақстанда да қарқынды дамуда.


Тіл -әлем бейнесі, себебі кез келген ұғымға атау беру, ой- пікірді білдіру тіл арқылы жүзеге асады. Тіл және адам, мәдениет қарым-қатынасы аса тығыз байланысты. Тілдің мәдениетке байланысты бейімделуі немесе



77

мәдениеттің тілге байланысты өзгеруі - аса толғандыратын мәселе, сол себепті де тұлға және мәдениет қарым-қатынасын тіл арқылы зерттеу, тілді жеке тұлға аспектісінде қарастыру, бүгінгі мәдени кеңістіктегі тілдік тұлға бейнесін айқындау қажеттілік туғызып отыр. Қазіргі таңдағы мультимәдени және ақпараттық-коммуникативтік мәдениеттің пайда болуының өзі адамзат баласының жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісін көрсетеді. Сан ғасырлы мәдениет орнын жаңа мәдениет басып келеді. Мәдениетте болып отырған өзгерістер тілдік тұлғаға да өз әсерін тигізері сөзсіз. Қоғамдағы әрбір адам үшін мәдени тұрғыда қалыптасу аса маңызды, өйткені мәдениет қойнауында тарих бар, ал тарихсыз ел болмайды.


Бүгінгі мәдениет кеңістігіндегі индивидтің тілдік тұлғасы біршама өзгерістерге ұшыраған. Тілді сол тілде сөйаеуші тұлға арқылы зерттеу соңғы жылдары қолға алына бастады. Осы әдіс арқылы бүгінгі таңдағы мәдени кеңістіктегі билинвгал тұлғаның ерекшелігін айқындауға болады. Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін айқындайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет