Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы


сөз, тірек сөздің көлемі 10-15 сөз



бет53/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

200 сөз, тірек сөздің көлемі 10-15 сөз.


4.5 Тірек сөздер


Тірек сөздер (түйін сөздер) дегеніміз - мәтіннің өн бойында кездесетін және басқа түйін сөздермен бірлесе отырып, мәтінді баяндауға ықпал ететін маңызды сөздер. Тірек сөздер негізінен ақпарбтты іздестіруге қызмет етеді. Тірек сөздер жиынтығы аңдатпаға өте жақын. Мысалы, жүк

тасымалын ұйымдастыруға арналған мақалада ауыр жүк тасымалы, жүк тасымалдау, тасымалдауды ұйымдастыру сияқты тірек сөздер пайдаланылса, академиялық оқылым және жазылым мәселелеріне арналған ғылыми мақалада академиялық сауаттылық, академиялық оқылым, академиялық жазылым, академиялық жанрлар, ғылыми мәтін, ғылыми стиль, ғылыми жоба, дағды, жазбаша қатысым сияқты тірек сөздер қолданылады.


Осылайша, тірек сөздер мақаланы сипаттауға мүмкіндік беретін қосымша техникалық мәліметгерден тұрады екен.




Тірек сөздер қандай мақсаттар үшін қолданылады?

Тірек сөздер мақалаларды жүйелеу үшін қолданылады. Олар мақаланы тез табуға, ұқсас мақалаларды топтастыруға, жіктеуге көмектеседі.


Тірек сәздер мақаламен танысқан кезде уақыт үнемдеуге де мүмкіндік береді. Олар журналдың белгілі бір айдарында берілген мақаланың тақырыптық бағытын аша алады. Мысалы, «¥йым қызметкерлерін инновациялық басқару» атты мақалада әртүрлі тірек сөздердің жиынтығы болуы мүмкін: қызметкер, қызметкерлердібасқару, еңбекақы төлеу. Бұл мақалада қызметкерлерді басқарудың кпассикалық әдісі қарастырылатынын түсінеміз.

Осындай тақырыптағы басқа мақалада қызметкер, қызметкерлерді




басқару, зияткерлік капитал, зияткерлік- креативті ресурстар сияқты

тірек сөздер болуы мүмкін. Осы мәселелермен айналысушы зерттеуші үшін автордың қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолданғандығын түсіну қиындық тудырмайды.


Мақалада тірек сөздердің қолданылуы оқырманға тақырыбы ұқсас мақалалардың бір-бірінен айырмашылығын түсінуге мүмкіндік береді. Осылайша, тірек сөздер мақаланың маңызды атрибуты болып табылады,



79


сондықтан оларды оқырманға түсінікті болуы үшін мақаланың басында аңдатпадан кейін беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет