Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет60/131
Дата19.12.2022
өлшемі2,16 Mb.
#58188
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131
Байланысты:
Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялы сауаттылы ТЫ теориялы

Пайдаланылған әдебиеттер:



  • Солташұлы Ы. Заман талабы - көп тілді болу // Ақиқат. 26 қараша, 2012 ж. № 11. 14-15 6.

2 Жаминова Р.Ж. Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру // Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістер. II халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция. II том. -Астана, 2012 ж. 115-120 б.




4.7 Аңдатпа


Аңдатпа (аннотация) (лат. аппоіаііо - ескерту, аңдату) -

ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі. Аңдатпа - кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.


Аңдатпа - мәтін мазмұнының құрылымын анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудыңерекшежанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша жанрлық жағынан ерекшеленеді. Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңдатпада мақалада баяндалған талдаулар мен дәлелдемелердің қорытындысы



86


беріледі. Сондықтан аңдатпа мәтініндегі сөйлемдер жалпылама, ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптықұғым тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа үшінші жақта жазылады.
Аңдатпаның басты мақсаты - өте аз тілдік құралдармен зерттеудің

мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту. Осы екі мәселе нақты қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс.


Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз талаптары болады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Хабаршысында» мақала аңдатпасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 7-8 жолдан аспайтын 800-1000 белгіден тұруы керек. Ац «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900 белгіден тұруы шарт.


Әлемдіктәжірибе бойынша авторлық аңдатпада мақаланың қысқаша мазмұны көрсетіледі. Кейдеаңдатпада мақала құрылымы сақталады, яғни кіріспе, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, әдістері және қорытынды беріледі. Сапалы жазылмаған аңдатпада мақаланың тақырыбы, не тақырыптың мазмұны жалпы сөздермен қайталанып, зерттеудің мәні ашылмайды, мұндай аңдатпалар көлемі жағынан да мардымсыз болып келеді. Аңдатпада шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аңдатпаға сүйене отырып, әзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.


Аңдатпа әрқашан тірек сөздермен берілуі шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет