■
жүйелік;
■
пайдалану реті бойынша (тараулар мен бөлімдер бойынша);
■
хронологиялық және т.б.
Әдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты
ұстану керек. Әдебиеттер дереккөзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімдепеді.
Дереккөздер туралы мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне
қарай орналастырып, нүкте қойылмаған араб цифрларымен белгілеп,
абзацтық шегініс арқылы жазу керек. Пайдаланылған дереккөздерге
жасалған сілтеме тертбұрышты (квадрат) жақшаның ішінде көрсетіледі.
Енді ғаламтор желісіндегі басылымдарға келейік. Қазіргі жазба
жұмыстарда \л/еЬ-сайттарға сілтеме саны өсіп келеді, әлі де есе бермек.
Электронды дереккездерге сілтемені ресімдеу қиын емес, желідегі кез
келген оқырман дереккөзді тауып алатындай толық мекенжай көрсетілсе
болды. Мысалы,
Демин А.Н. Возможности использования человеком
индивидуальных и социальных ресурсов в ситуации отсутствия работы
// Экономическая социология. 2000. Том 1. № 1. С.37-47 //
ш ш .есзос.
тззез.ги. немесе
Сабиров В.Ш. Предмет маркетингового исследования
// Менеджмент в Сибири. 2014. №6. [Электронный ресурс] - Режим
доступа. - ЦРІ.:һ1Ь://уууууу.тапаа.ги/аі1іс1.рһр?по=317.
Бұл - ресімдеудің техникалық жағы. Ал енді электронды мәтіндердің
өзіне көзқарас қалай? Қазір кез келген адам өз парақшасында ойына
келгенін жаза алатыны жасырын емес. Осы электронды мәтіндердің
бәрін жарияланым деп тануға бола ма? Егер электронды мәтіннің қағазда
басылған нұсқасы болса, әңгіме басқаша. Ал мәтін тек электронды нұсқада
ғана болса ше? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін жалпы жарияланым деп
нені танимыз, соған тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: