Динаева б. Б., Сапина с. М


 Сілтемелерді ресімдеудің техникалықжағы



Pdf көрінісі
бет41/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119
3.10 Сілтемелерді ресімдеудің техникалықжағы
у
у  
Енді сілтемелерді ресімдеудің таза техникалық жағына
я
Я  
келейік. Бұл - қиын жұмыстардың бірі. Кей зерттеушілердің
ресімдеуге қойылатын талаптар туралы түсінігі аз, ал кейбірі 
ЩИш Я М бұл жұмысты орындауға ерінеді немесе соншалықты мән 
бермейді. Мән бермеудің зардаптары үлкен. Жекелеген 
ғылыми журналдар билиографиялық тізімді ресімдеуге өте қатаң 
қарайды. Басты қиындық пайдаланылған әдебиетті ресімдеудің бірыңғай 
стандартының жоқтығынан туындайды. Әр ғылыми журналдың, әр 
басылымның өз талаптары бар, сондықтан дайын жұмысты баспаға 
жібермесбұрынжурналдыңкезкелгенсанынашып,ресімдеустандартымен 
танысып алған жөн. Біз, негізінен, Қазақстанда қабылданған талаптар 
турасында сөз қозғаймыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі Ғылым комитетінің талабы бойынша сілтеме мәтін ішінде 
төртбұрыштыжақшаныңішіндеберіледі, мысалы, [1,47]. Нүктежақшаның 
сыртына қойылады. Мұндағы бірінші сан дереккөздің библиографиялық
56


тізімдегі реті, екінші сан -  мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірі. 
Егер бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз, олар үтір- 
нүктеарқылы ажыратылып беріледі. Мысалы: [1, 2-3]; [2, 37]; [3] немесе 
[1, 2-3; 2, 37; 3].
Сілтемелердіңретіменбетнөмірінберудіңжиіқолданылатынуштәс/л/ 
бар. Мысалы, сіз жұмысыңызда ретімен Жәнібековке, Мырзабергеновке, 
Байдосовқа, сосын қайтадан Жәнібековке сілтеме жасадыңыз делік.
Бірінші тәсіл сілтемелерді бүкіл мәтін бойында беру.
Мысалы,
Мәтін [1]...мәтін [2]... мәтін [3]... мәтін [4].
Библиографиялық тізім:
1 Жәнібеков
2 Мырзабергенов
3 Байдосов
4 Жәнібеков
Байқап отырғаныңыздай, бұл оңтайлы тәсіл емес, себебі бір 
дереккезге бірнеше рет, қайта-қайта сілтеме жасасаңыз, пайдаланылған 
әдебиет тізімі де ұзақ болады. Оның үстіне мәтін ішінен бір бөлікті алып 
тастап, не орнын алмастыратын болсаңыз, сілтемелердің нөмірлерін де, 
тізімдегі ретін де ауыстыруға тура келеді.
Екінші тәсіл - библиографиялық тізімді сілтеменің негізгі 
мәтінде қолданылу реті бойынша беру. Сілтеме беруді бірінші нөмірден 
бастаймыз, кейін екінші, сосын үшінші. Ал бірінші дереккөзге мәтін 
соңында тағы сілтеме жасайтын болсаңыз, мәтін ішінде тағы да бір санын 
қоясыз. Мысалы,
Мәтін [1]...мәтін [2]... мәтін [3]... мәтін [1].
Библиографиялық тізім:
1 Жәнібеков А.
2 Мырзабергенов Б.
3 Байдосов Ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет