Динаева б. Б., Сапина с. М


Диплом жұмысынын мазмұны мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет74/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119
Диплом жұмысынын мазмұны мен құрылымы
Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші 
курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, 
қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.
Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша 60-80 бет 
болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген 
көлеміне енгізілмейді.
Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне 
мыналар жатады:
- мұқаба (сыртқы беті);
- титулдықбет;
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Мұқаба
Мұқабада мына мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмыс орындалған ұйымның атауы;
121


- студенттің аты-жөні;
- диплом жұмысының тақырыбы;
- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба);
- мамандықтың атауы және шифрі;
- қала, жыл.
Титулдық бет
Титулдық бет - диплом жұмысының бірінші беті, құжатты қажетті 
жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат 
дереккөзі ретінде қызмет етеді.
Титулдық бет былайша ресімделеді:
- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы;
- диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы;жұмыстың түрі -
диплом жұмысы (жоба);
- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы 
тақырыбының атауы;
- мамандықтың атауы және шифрі;
- сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оңжағынан 
студенттің аты-жөні;
- бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның аты- 
жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;
- қала, жыл.
Титулдық бет диплом жұмысы беттерінің жалпы немірленуіне кіреді. 
Титулдық бетте бет нөмірі қойылмайды.
Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік 
нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, 
тараушаларды, 
қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері 
көрсетілген қосымшаларын қамтиды.
Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, 
ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі 
ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар 
дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық 
және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының 
практикалық базасын құрайды.
Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған 
дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом 
жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.
Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімі ережеге сай бөлім және 
бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет