Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет90/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   119
Сіз қандай тұтынушысыз?
Эссе
Бизнес дегеніміз - зорлық-зомбылыққа жүгінбей, басқа адамның 
қалтасынан ақша алу өнері. Бұл - америкалық актер М.Амстердамның 
сөзі. Бизнестің мәнін кәсіпкердің көзқарасы тұрғысынан дәл сипаттағанына 
таңғаласың! Мен онымен толықтай келісемін. Тұтынушы езіне қызмет 
түрін таңдағанда, тауар алғанда нені ескеру керек?
Әрине, кәсіпкер тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыратын 
тауарлар мен қызметтер ұсынуға тырысады. Егер қажеттілік негізінен 
қанағаттандырылса, онда кәсіпкер жасанды түрде жаңаларын жасайды. 
Қалай болғанда да, оның тауарлары сатылуы керек. Бұған мысал ретінде 
фармацевтикалық бизнесті алайық. Фармацевтер ел тұрғындарын йод 
жетіспейтіндігіне сендіреді. Мұны білген халық жаппай Йод-актив дәрісін 
сатып алуға кешеді. Содан кейін олар остеопороз қаупі төніп тұрғанына 
сеніп, кальций ішуге көшеді. Ал кальций өздігінен адам ағзасына сіңбейді. 
Бұған қарап жатқан ешкім жоқ. Бәрі бірдеңеден қалғандай, кальций сатып 
ала бастайды. Дәрігер ешкімді дәрі сатып алуға мәжбүрлеген жоқ, ол тек 
ішу керектігін айтты. Осы жерде жарнаманың да рөлі «зор». Жарнама 
берушілер жарнама арқылы адамның денсаулығында үлкен кінәрат бар 
екеніне сендіреді. Ол жарнаманы көрген халық бірден дәріханаға жүгіреді. 
Ап бұл бизнестің иелері тек байыған үстіне байи береді. Статистика 
бойынша фармацевтикалық фирмалар соңғы жарты жылдың ішінде 
бірнеше жүздеген миллион доллар табыс тапқан, оның үштен бір бөлігі 
жарнамаға жұмсалған.
Адамның осыдан бірер минут бұрын ғана сатып алғысы келмеген 
нәрсені қалай алып қоятындығын мысалға келтірейік. Маркетингтік тәсіл
- кәсіпкерлер үшін экономикалық ойдың ең құнды өнімі. Сатушыларды 
клиенттерге аса қажет емес заттарды ұсынатын ережелерге арнайы 
үйретеді. Ол қандай ереже? Супермаркеттердің кассаларына шоколад, 
сағыз, батареялар, жәндіктермен күресетін заттар және т.б. ұсақ 
тауарларды әдейі қояды. Олар, әдетте, қымбат болмайды. Осылайша, 
дүкенге нан мен сүт алуға ғана келген адам ұсақ-түйек заттарды қалай 
алып қойғанын білмей қалады.
143


Тұтынушыны «қақпанға түсіретін» тәсілдердің тағы бірі - жеңілдіктер. 
Алдымен, бағаны жасанды түрде 3 есеге кетереді. Өнім сұранысқа ие 
болмағаннан кейін оны «30% жеңілдікпен» сатуға кешеді. Нәтижесінде 
сұраныс ұсыныстан асып түседі. Ап шындығында, адамдар тауарларды 
200% үстеме бағамен сатып алып жатқанын білмей де қалады. Олар 
дүкеннен тауарды арзанға сатып алдық деп қуанып қайтады.
Сұранысты әрдайым жоғары деңгейде ұстау үшін бүкіл сала жұмыс 
істейді. Тұрмыстық химиялық заттарды өндіруді қолға алыңыз: шаштың 
ұқыпты көрінуі үшін сусабын қажет. Сіз сусабын сатып алдыңыз делік. 
Қажеттілік қанағаттандырылғанға ұқсайды. Шашыңыз жұп-жұмсақ болып 
жақсы таралу үшін кондиционер алдыңыз ба? Шашты нәрлендіруге 
арналған бальзам ше? Нәтижесінде тұтынушы бір сусабынмен бірге 
шашқа арналған тағы екі бөтелке затты қосып алды. Есесіне, кәсіпкерлер 
байыған үстіне байып жатыр. Тұтынушы да риза.
Міне, көріп отырғандарыңыздай, тұтынушылардың қалтасынан ақша 
шығару - өнер. Мықты маркетинг үшін қиялыңызды ұштау керек. Мұндай 
креативтермен компанияның бүкіл шығармашылық бөлімі айналысады. 
Сату үшін нарыққа сауатты жарнама жіберіп, тұтынушының психологиясын 
жақсы білу қажет.
Сонымен сіз қандай тұтынушысыз? Жоғарыдағы кеңестерден не 
түйдіңіз? Қызметтүрін таңдағанда, тауар алғанда маркетингтіктәсілдердің 
қақпанына түсіп қалудан сақтаныңыз. Бізге, тұтынушыларға, қырағылықты 
жоғалтпай, ақшамызды қайта-қайта есептеп, тым аңқау болмағанымыз 
дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет