Қазақстан-ресей



Дата17.03.2023
өлшемі31,62 Kb.
#75130
Байланысты:
тарих



«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL UNIVERSITY»





XIX ғасырдың соңында Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы

Орындаған:Шалғабай Бекзат


Тобы: 106-Б ЖМ
Қабылдаған: Хамытхожаева. Д

Алматы 2023ж


Жоспар:


  1. Кіріспе

Этнодемография деген не?

  1. Негізгі бөлім

19 ғасырдағы оқиғалар
Қазақ халқының экономикалық жағдайы

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланған әдебиеттер



Этнодемография –этнография мен демография тоғысындағы ғылыми пән. Халықтың немесе ұлыстың (этностың) өсіп-өнуі ерекшеліктерін, олардың санының серпінін зерделейді. Этнодемография өзінің зерттеулерінде негізінен этникалық статистиканы, халық санағының материалдарын, арнаулы демографиялық және этнографиялық мәдени-тұрмыстық зерттеу материалдарын, сондай-ақ басқа да ғылымдардың материалдарын, соның ішінде социологияның, географияның (этногеографияның), психологияның (этнопсихологияның), этниканың, экологияның, антропологияның, медицинаның (соның ішінде халықтық медицинаның) зерттеулерін қамтиды.
1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті –"қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" еді. Сөйтіп, жергілікті бай-мапатарды биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру еді. Жалпы алғанда, реформалар Патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін жасалған еді.
1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров "Қазақстан – патша үкіметінің отары" атты еңбегінде: "Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді",- деп жазылған.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Қазақстандағы отырықшы қалалық тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине, қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттыра түсті.
XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.
Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. 
1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақты болды. Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады.
Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.
Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды. Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.
Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер коныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.
Қорытынды
XIX ғасырда қазақ халқының этнодемонрафиясына біршама өзгерістер енді. Халықты болыстарға бөліп, алшақтатты. Мәдениет жоғала бастады. Қан тазалығы бұзылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы халықтың басым көпшілігі өзге ұлттарды құрай бастады. Ұйғыр, дүңген секілді халықтардың қоныс аударуы жүрді. Бұл халықтың тұрмысына аса зиянын тигізді.


Пайдаланылған әдебиеттер



  • https://kk.wikipedia.org/wiki;

  • https://world-nan.kz/blogs/ustav-selskokhozyayistvennoyi-arteli-20201006173059

  • Қазақстан тарихы Г. В. Кан, Н. У. Шаяхметов, 2011;

  • Егемен Қазақстан, 2006, 2.03.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет