Зерттеушінің «Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы әлемнің тілдік
бейнесінің сипаты» атты екінші тарауындағы тірек концептілер жүйесін
анықтап, концептуалды талдау жүргізуі назар аударуға тұрарлық дүние.
Абай мен Шәкәрім шығармаларында ең ірі концептілікжүйе құрайтын өмір,
өлім, алла, ар-ұят, махаббат, иман сияқты концептілер ез ішінде көптеген
фреймдер, концепт-сценарийлер, концепт-схемалар арқылы түсіндіріледі
(65-74 б., 76-85 б., 87-94 6., 115-130 6.) Осылайша жіктеп бөлуі де зерттеу
жаңалықтарының бірі деп ойлаймыз.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігінің бағалануы.
Зерттеушінің материалды логикалық жақтан жүйелі беруі, зерттеу
әдістемесі мен алынған нәтижелері, ғылыми әдебиеттерді талдауы
тұрғысынан диссертация аяқталған, біртұтас, дербес ғылыми еңбек болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: